24 қараша 2019 17:48

Ресей чемпионатында ойнайтын қазақстандықтың клубы бірінші матчта жеңіліс тапты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Акмаль Бахтияров. Сурет: "Сочи" ФК Акмаль Бахтияров. Сурет: "Сочи" ФК

Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Акмаль Бахтияров өнер көрсететін "Сочи" футбол клубы "Уфамен" тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Акмаль Бахтияров өнер көрсететін "Сочи" футбол клубы "Уфамен" тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресей премьер-лигасының 17-турының матчы бүгін, 24 қарашада өтті және 1:1 есебімен аяқталды. 25-минутта Ресей құрамасының экс-форварды Дмитрий Полоз "Уфа" құрамасын алға шығарды, бірақ алаң иелері 85-ші минутта есепті теңестірді, аргентиналық шабуылшы Андрес Вомбергар гол соқты. 

Бұл ойында Бахтияров тізімге кірген, бірақ алаңға шықпады. Осы маусымда 21 жастағы футболшының активінде екі ойын бар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МАТЧ ПРЕМЬЕР (@matchpremier)

Бұл "Сочидің" бас бапкері Александр Точилиннің отставкаға кеткеннен кейінгі алғашқы ойыны. Қазір құрама 14 ұпаймен соңғы, 16-орында тұр. Ал "Уфа" 19 ұпаймен 11-орында тұр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети