Ресейлік "Ростов" пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов жарақатының салдарынан Еуро-2020 іріктеу кезеңіндегі Бельгия мен Сан-Мариноға қарсы матчтарға қатысқан жоқ. Футболшы алаңға қашан оралатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ҚФФ видеоблогына берген сұхбатында Зайнутдинов жақын арада жарақатынан толық айығатынын мәлімдеді.
Нұр-Сұлтандағы жаттығулардың бірінде Бахтиер бұлшықетін жарақаттап алған еді.
"Денсаулығым жақсы. Бір аптадан соң қайта жаттыға бастаймын. Бір-екі күнге Таразға барып қайтамын. 20 маусымда жиынымыз басталады", - деді Зайнутдинов.
Естеріңізге салсақ, Еуро-2020 іріктеу кезеңіндегі соңғы матчтарда қазақстандық футболшылар Бельгиядан 0:3 есебімен жеңіліп қалған, кейін Сан-Мариноны өз алаңында тас-талқан етіп жеңді - 4:0.