14 маусым 2019 09:06

Ресейде ойнайтын қазақстандық футболшы алаңға қашан оралатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚФФ Фото: ҚФФ

Ресейлік "Ростов" пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов жарақатының салдарынан Еуро-2020 іріктеу кезеңіндегі Бельгия мен Сан-Мариноға қарсы матчтарға қатысқан жоқ. Футболшы алаңға қашан оралатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

ҚФФ видеоблогына берген сұхбатында Зайнутдинов жақын арада жарақатынан толық айығатынын мәлімдеді. 

Нұр-Сұлтандағы жаттығулардың бірінде Бахтиер бұлшықетін жарақаттап алған еді. 

"Денсаулығым жақсы. Бір аптадан соң қайта жаттыға бастаймын. Бір-екі күнге Таразға барып қайтамын. 20 маусымда жиынымыз басталады", - деді Зайнутдинов. 

Естеріңізге салсақ, Еуро-2020 іріктеу кезеңіндегі соңғы матчтарда қазақстандық футболшылар Бельгиядан 0:3 есебімен жеңіліп қалған, кейін Сан-Мариноны өз алаңында тас-талқан етіп жеңді - 4:0. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети