09 қыркүйек 2019 | 14:10

Ресейлік экс-футболшы: "Қазақстан бізге қарсылас емес"

© kff.kz

Мәскеулік "Спартактың" бұрынғы жартылай қорғаушысы және КСРО-ның 1972 жылғы үздік ойыншысы Евгений Ловчев Еуропа-2020 чемпионаты алтыншы іріктеу турындағы Ресей мен Қазақстан матчіне болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеулік "Спартактың" бұрынғы жартылай қорғаушысы және КСРО-ның 1972 жылғы үздік ойыншысы Евгений Ловчев Еуропа-2020 чемпионаты алтыншы іріктеу турындағы Ресей мен Қазақстан матчіне болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Ресей - Қазақстан кездесуіне болжам. Ресей таза жеңеді, бірінші таймда, ал Қазақстан гол сала алмайды. Футболшылар өз клубтарында онша жақсы ойнамайды, бірақ, құрамаға жиналғанда, рахаттанады, Шотландиямен ойын мұны көрсетіп отыр. Бүгінде Қазақстан бізге қарсылас емес, ал осы ойынды ұтсақ, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шықтық десек те болады. Бұл ойында Ресей қарсыласын жібермес", - деп келтіреді Ловчевтің сөзін bookmaker-ratings.kz.

Реклама
Реклама

Еске салайық, ойын Калининградта өтеді, Қазақстан астанасының уақытымен 00:45-те басталады. Матчті тікелей эфирде мына сілтеме арқылы өтіп, тамашалауға болады.

Өткен ойында Ресей құрамасы Шотландияны 2:1 есебімен жеңді, ал Қазақстан Кипрмен тең түсті - 1:1. 12 ұпай жинаған Ресей I тобында екінші келеді, Бельгиядан үш балл аз. Ал Қазақстан 7 ұпаймен үшінші орында тұр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная