13 сәуір 2017 08:50

Роналду еурокубоктағы 100-голын салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Mirror © Mirror

Мадридтік "Реалдың" үздік сұрмергені Криштиану Роналду еурокубок ойындарындағы 100-голын соқты. Оның 16-сын "Манчестер Юнайтед" клубында ойнап жүргенде соққан, - деп хабарлайды Vesti.kz


Мадридтік "Реалдың" үздік сұрмергені Криштиану Роналду еурокубок ойындарындағы 100-голын соқты. Оның 16-сын "Манчестер Юнайтед" клубында ойнап жүргенде соққан, - деп хабарлайды Vesti.kz

Криштиану Роналдудың "Бавария" қақпасына соққан екінші голы еурокубоктағы 100-голы болды. Футболшы Чемпиондар лигасында – 97 гол, УЕФА Суперкубогында – 2 гол, Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінде 1 гол соққан. Роналду 100 голды 135 ойында соқты.

Португалдық шабуылшы еурокубок ойындарында 100 гол соққан алғашқы футболшы атанып отыр. Осыған дейін мұндай жетістікті бірде-бір футболшы бағындырмаған. Роналдуды өкшелеп Лионель Месси келеді. Ол еурокубок ойындарында 97 гол соққан.

Еурокубок ойындарының ең үздік сұрмергендері:

1. Криштиану Роналду - 100 гол
2. Лионель Месси - 97 гол
3. Рауль - 76 гол
4. Филиппо Индзаги - 70 гол
5: Герд Мюллер - 69 гол

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети