06 сәуір 2015 06:48

Роналду мансап жолында тұңғыш рет пента-трик жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мадридтің "Реал" командасында өнер көрсететін Криштиану мансап жолында бір матчта тұңғыш рет бес гол соқты, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты. Голдардың үшеуін форвард сегіз минут ішінде салды. 


Мадридтің "Реал" командасында өнер көрсететін Криштиану мансап жолында бір матчта тұңғыш рет бес гол соқты, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты. Голдардың үшеуін форвард сегіз минут ішінде салды. 

Криштиану пента-трикті Испания чемпионатының 29-шы турының аясында "Гранада" клубына қарсы ойында жасады. Мадрид қаласында өткен ойын "Реал" командасының айқын басымдығымен аяқталды. Есеп - 9:1. Карим Бензема дубль орындады, бір допты Гарет Бэйл соқты, "Гранада" қорғаушысы Диего Майнс өз қақпасына гол соқты. "Гранада" командасының ойыншысы Роберт Ибаньес қана "Реал" қақпасынан саңылау таба білді. 

Осылайша Криштиану Роналду Испания чемпионатындағы голдарының санын 36-ға жеткізіп отыр. Бұл "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессидің көрсеткішінен 4 голға көп.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети