"Селтиктің" жанкүйері "Астананы" қолдап тұрған жігіттің шарфын тартып алды

28 Шілде 2016, 19:56
0
"Селтиктің" жанкүйері "Астананы" қолдап тұрған жігіттің шарфын тартып алды - Видео кадры
Видео кадры

"Селтиктің" жанкүйері "Астананы" қолдап тұрған жігіттің шарфын тартып алды. Бұл оқиғаның видеосы Желіде жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға "Астана Арена" стадионының кіреберісінде болды. Видеодан шотландиялық жанкүйерлер тобының стадионғ қарай бара жатқанын және "Селтикті" қолдау ұрандарын айтып жатқанын көруге болады. Көшенің арғы бетінде "Астананың" жанкүйері қазақстандық клубқа қолдау көрсетіп, шарфын көтеріп тұрған. Осы уақытта шотландиялықтардың бірі оған қарай ұмтылып, шарфын тартып алады. Сөйтіп, адамдар сол жерге жиналып алады. Оқиғаның қалай аяқталғаны белгісіз.

Еске салайық, "Астана" командасы кеше "Селтикпен" тең ойнаған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай