16 маусым 2014 15:47

Семей футболшыларының биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pfl.kz сайтынан Фото pfl.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында он алтыншы турдың ойындары өтіп, көш соңындағы Семейдің "Спартагы" биылғы маусымда алғаш рет жеңіске жетті, деп жазады Tengrinews.kz.


Футболдан Қазақстан премьер-лигасында он алтыншы турдың ойындары өтіп, көш соңындағы Семейдің "Спартагы" биылғы маусымда алғаш рет жеңіске жетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Жеңілістен көз ашпаған "Спартак" тығырықтан шығар жол іздеп, бас бапкерін де ауыстырған. Мамыр айының соңында Ресейден өзімізге жақсы таныс Алексей Петрушин шақыртылды.

Әрине, Петрушин сиқыршы емес. "Спартак" қарсыластарын бірден сыпыра соққан жоқ. Десек те, басында өз қақпасына бес голдан жіберуін доғарды. Енді міне, биылғы маусымдағы бірінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.

"Спартактың" премьер-лигада алғаш ұтқан командасы маусым басындағы қарқынын жоғалтып алған "Атырау" клубы болды.

Ал 13-турға дейін қарқыны адам қызығарлықтай болған "Ақтөбе" соңғы үшеуінде тізгінін босатып, өгіз аяңға көшкендей. Бұл жолы өз алаңында "Ордабасымен" ұпай бөлісті. "Ақтөбе" сапына "келедісімен" көпшілікті елеңдеткен Сантана мен Антонов та ойнады.

"Шахтер" өз алаңында "Жетісуды" "жүндей түтсе", "Қайрат" түзде "Таразды" тізе бүктірді. "Таразға" бас бапкер болып келген Евгений Яровенконы тағдыр бірден "Қайратқа" тап келтірді. Бір кездері өзінің бағын ашқан команда – қазір бабында. "Таразды" тақырға отырғызып кетті.

"Астана" Қостанайда, "Қайсар" Павлодарда екі ұпайдан жоғалтып, әлде бір ұпайден олжалап, ел біріншілігі кестесінде төмен қарай сырғыды.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. ХVІ тур.

"Спартак" (Семей) – "Атырау" – 2:1
Голдар:
Трифунович, 8-пенальтиден (0:1). Ерсәлімов, 49 (1:1). Азовский, 63 (2:1).

"Ақтөбе" – "Ордабасы" (Шымкент) – 1:1
Голдар:
Зенькович, 29-пенальтиден (1:0). Әшірбеков, 69 (1:1).

"Шахтёр" (Қарағанды) – "Жетісу" (Талдықорған) – 3:0
Голдар:
Василевич, 4. Топчагич, 13. Топчагич, 40.
Алаңнан қуылды:
Ковалев, 73 ("Ж").

"Тараз" – "Қайрат" (Алматы) – 2:3
Голдар:
Исламхан, 7 (0:1). Тілешев, 15 (1:1). Маркович, 54 (1:2). Скорых, 55 (2:2). Исламхан, 64 (2:3).

"Тобыл" (Қостанай) – "Астана" – 1:1
Голдар:
Кетевоама, 60 (0:1). Шимкович, 90 (1:1).

"Ертіс" (Павлодар) – "Қайсар" (Қызылорда) – 1:1
Голдар:
Дудченко, 38 (1:0). Розыбакиев, 40 (1:1).
Алаңнан қуылды: Чернышев, 90+1 ("Е").

1. "Ақтөбе" – 34 ұпай
2. "Шахтер" – 29
3. "Қайрат" – 27
4. "Астана" – 27
5. "Қайсар" – 26
6. "Ордабасы" – 22
7. "Ертіс" – 21
8. "Атырау" – 21
9. "Тобыл" – 21
10. "Жетісу" – 16
11. "Тараз" – 14
12. "Спартак" – 6

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети