Словения телевизиясы Марибор-Астана матчын трансляциялаудан бас тартты

10 Шілде 2015, 13:26
0
© "Қазақстан" РТРК АҚ баспасөз қызметі
© "Қазақстан" РТРК АҚ баспасөз қызметі

Марибор-Астана матчының трансляциясы көрсетілмейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" РТРК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Словения телевизиясы UEFA Чемпиондар лигасының 2 біліктілік раунды Марибор-Астана матчтың трансляциясы неліктен болмайтынын түсіндіруден бас тартты. Қазіргі таңда балама нұсқаны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

"Трансляция "Марибор" клубының сайтында жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы қосымша хабарланатын болады", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін трансляция "Қазақстан" телеарнасында 14 шілде күні сағат 00.30-да, ал келесі күні, яғни 15 шілдеде екі рет қайталаумен Kazsport телеарнасынан көрсетіледі деп хабарланған болатын.

 

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай