Белгісіз біреулер "Ертіс" футбол командасының басшыларын соққыға жығып кеткеннен кейін Қазақстанда спортта күш қолдануға қарсы акция жүргізіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еліміздің футболшылары "Футбол зорлық-зомбылықсыз" деп жазылған плакаттармен суретке түседі.
Белгісіз біреулер "Ертіс" футбол командасының басшыларын соққыға жығып кеткеннен кейін Қазақстанда спортта күш қолдануға қарсы акция жүргізіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еліміздің футболшылары "Футбол зорлық-зомбылықсыз" деп жазылған плакаттармен суретке түседі.
Еске сала кетейік, бұл оқиға "Ертіс" футбол командасы Семейдің "Спартак" командасын жеңгеннен кейін болған. Ол кезде "Спартак" командасы 5:0 есебімен жеңілген болатын. Осыдан кейін белгісіз біреулер директорлар Халімжан Ержанов пен Болат Ысқақовты тұрғын үйдің кіре беріс есігінде темір затпен соққыға жыққан. Полиция мұны қасақана жасалған шабуыл деп есептеп отыр. Жасалған қылмыстың ауырлығы мен жапа шеккендердің бірінің денсаулығының жағдайына қарап бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК 103-бабының 2-тармағына (адам денсаулығына қасақана зиян тигізу) ауыстырылды.
"Ертіс" ФК директорларына жасалған шабуыл кәсіби қызметіне байланысты болып отыр деген нұсқаны Қазақстан футболшылар кәсіподағының төрайымы Әйгерім Сабырәлиева да қуаттап отыр. "Біз түсінеміз, әрбір футболшы жеке өзі пікірін білдіре алмайды, сондықтан біз осындай әрекет жасауды ұйғардық. "Барлық қатысушылар "Футбол зорлық-зомбылықсыз" деп жазылған плакаттармен суретке түседі", - дейді Ә.Сабырәлиева. Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар.
Айта кетейік, "Ертіс" ФК басшыларының бірі Болат Ысқақов қазір ауруханада жатыр. "Оның жағдайы ауыр, бұл ұзаққа созылады, өйткені ол басынан өте ауыр жарақат алған", - дейді Павлодар қалалық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Олег Гарбузенко. Ал Халімжан Ержанов ауруханаға жатудан бас тартқан.