"Спортинг" футболшысы алмастырудан кейін орындықты талқандап, жылап қалды

20 Қаңтар 2018, 17:33
0
"Спортинг" футболшысы алмастырудан кейін орындықты талқандап, жылап қалды - © sports.fr
© sports.fr

Лиссабондық "Спортинг" қорғаушысы Фабио Коэнтрау Португалия чемпионатының матчында "Витория Сетубал" командасына қарсы ойында өзін өзге ойыншымен алмастыру болғаны үшін қатты ашуланды, - деп жазады Vesti.kz.

Порталдың хабарлауынша, португалиялық футболшы ойыншыны алмастыру болғаннан кейін қосалқы ойыншыларға арналған орындықты талқандап, кейін сол жерге отырып, жылай бастаған.

"19 турдан кейін "Спортинг" 47 ұпаймен турнир кестесінде екінші болып тұр, ол "Портудан" бір сатыға төмен және бұл команданың қосалқы ойыны бар. "Сетубал" (14) соңғы орыннан бір саты ғана жоғары, ол 16-орында", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, "Спортинг" Еуропа Лигасының 1/16  финалында "Астана" командасына қарсылас болады. Командалардың бірінші матчы елордада 15 ақпанда, қарымта ойын бір аптадан кейін Лиссабонда өтеді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай