Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Суарес футбол матчтарына қатысу құқығынан екі жылға айырылуы мүмкін

25 Маусым 2014, 10:26
0
Луис Суарес және Джорджо Кьеллини. Фото ©Getty Images
Луис Суарес және Джорджо Кьеллини. Фото ©Getty Images

Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық қорытынды кезеңінің матчында Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес италиялық қорғаушыны тістеп алғаны үшін екі жылға дисквалификациялануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ге сілтеме жасап.

ФИФА бұл даулы эпизодты тексеретінін мәлімдеді. Ұйымның вице-президенті Джим Бойс Суареске қатысты шара қолдану қажеттігін алға тартты. "Мен осы сәтті теледидардан бірнеше рет көрдім. Сөз жоқ, Луис Суарес - тамаша футболшы, бірақ оның бұл әрекеті өте қатал сынға лайық. ФИФА осы жағдайды өте жіті тексеріп, тәртіпке шақыратындай тиісті шара қолданғаны жөн", - деді ол. 

ФИФА-ның Тәртіп кодексіне сәйкес, Суарестің бұл әрекеті қатаң жазалануы тиіс. Ол 24 матчқа қатысу құқығынан айырылуы мүмкін немесе екі жыл бойы ойыннан шеттетіледі. 

Айта кету керек, ӘЧ-2014 1/8 финалына жолдамаға таласқан Уругвай мен Италия матчының 80-минутында Суарес Кьеллинидің иығынан тістеп алды. Бас төреші Марко Родригес бұл жағдайды байқамағандықтан уругвайлық ойыншыны жазалаған жоқ. Осы матчта Суарестің командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Бұған дейін "Ливерпуль" командасының сапында ойнаған Суаресті Англияның футбол қауымдастығы "Челси" командасының қорғаушысы Бранислав Ивановичті тістегені үшін он матчқа қатысу құқығынан айырған болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай