10 тамыз 2014 18:55

Тонев өзіне Қазақстанның жалған төлқұжатын кім жасап бергенін білмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vesti.kz ©vesti.kz

Қостанайлық "Тобыл" клубында ойнаған, Қазақстан футбол федерациясы аясындағы барлық турнирлерге қатысудан өмір бойына шеттетілген Никола Тонев Қазақстан азаматтығын алған кезде жалған құжатты кім жасап бергенін білмейтінін, бірақ күдіктілер бар екенін айтты, - деп хабарлады Prosportkz.kz.


Қостанайлық "Тобыл" клубында ойнаған, Қазақстан футбол федерациясы аясындағы барлық турнирлерге қатысудан өмір бойына шеттетілген Никола Тонев Қазақстан азаматтығын алған кезде жалған құжатты кім жасап бергенін білмейтінін, бірақ күдіктілер бар екенін айтты, - деп хабарлады Prosportkz.kz.

Қазіргі уақытта Тонев Грекияда емделіп жатыр. Футболшығын ҚФФ-ның арнайы жиналысына келмеу себебі - ол туралы мүлдем білмеген екен. Сондай-ақ ол ҚФФ "Тобыл" клубына және өзіне айыппұл салынғаны туралы да хабарсыз еді. Бірақ футболшының агенті оған бұл хабарды жеткізді. Жақын арада Тонев Қазақстанға ұшып келіп, "Тобыл" басшылығымен сөйлесіп, ҚФФ-ға айыппұл төлеуі керек. 

Одан бөлек порталдың ақпараты бойынша, Тоневтың өзі де оған кімнің Қазақстанның жалған құжаттарын жасап бергенін білмейді екен. Десе де күдіктілер бар. Алдағы уақытта ол Қазақстанға келгенде бұл мәселені де қарастыратын болады. 

Еске салайық "Тобыл" сапында өнер көрсететін македониялық футболшы Никола Тонев өзінің Фейсбук әлеуметтік желісінде Қазақстан құжатын қолына ұстап тұрған суретін салған болатын. Дәл осы жәйттен кейін еліміздің көптеген басылымдары ҚФФ-ға арнайы хат жазып, бұл футболшының Қазақстан азаматтығын қалай алғанын сұрап, арты үлкен дауға ұласқан еді.

Сол даудан кейін Қазақстан футбол федерациясы бұл мәселеге арнайы комиссия құрып, комиссия жекелеген футболшылардың Қазақстан азаматтығын заңды түрде алғанын тексерумен айналысады деп жарияланды. Әрі оны ҚФФ вице-президенті Олжас Абраевтың басқаратындығы да мәлім болды.

Комиссия бірнеше жиын өткізіп, соның соңғысына "Тобыл" футбол клубының директоры Талғат Баймұратов пен осы клубтың ойыншысы Никола Тоневті шақыртқан. Алайда футболшы комиссия отырысына келмеді.

Ал өткен аптада осы мәселеге байланысты ҚФФ-ның жанында орналасқан Тәртіпті бақылау комитеті "Тобыл" клубы мен Тоневке қатысты жаза шығарып, іске нүкте қойды. ҚФФ-ның ресми сайтындағы ақпаратына қарағанда, ел біріншілігінде жалған құжатпен футболшы тіркегені үшін «Тобыл» клубынан үш ұпай алып, қостанайлық клубқа 700 000 теңге көлемінде айыппұл салды. Ал Никола Тоневқа Қазақстан құжаттын заңсыз алғаны үшін 500 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, өмір бойы Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастыратын турнирлерден шеттетілді.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети