01 қазан 2018 14:54

Төреші қақпаға өзі салған допты гол ретінде есептеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Дағыстанның әуесқой футбол лигасының екінші турындағы кизилюрттік "Киз-ДД" және Дахадаев ауданының "Манас" командалары арасындағы матчта қызықты оқиға боды, - деп хабарлайды Sports.ru


Дағыстанның әуесқой футбол лигасының екінші турындағы кизилюрттік "Киз-ДД" және Дахадаев ауданының "Манас" командалары арасындағы матчта қызықты оқиға боды, - деп хабарлайды Sports.ru

Ойынның 43-ші минутында 4:2 есебімен ұтып жатқан "Киз-ДД" командасына пенальти белгіленді. "Манас" ойыншысы тепкен допты голкипер қағып үлегерді, алайда, доп төрешінің басына тиіп, қайта қақпаға кірген. Бұл гол есептеліп, ойын 4:4 есебімен аяқталды. 

"Допты бірден байқамадым, басыма тиіп барып кіргенін. Айғайдан кейін ғана түсіндім.

Ойын ережесі бойынша, гол есептеледі. Өйткені төреші де ойын қатысушысы. Кейін видеоны біліктілігі жоғары мамандар да қарап, бәрін дұрыс істегенімді айтты.

"Киз-ДД" футболшылары голды есептегеніме наразы болмады. Қарсыластар осы голды қабыл еткеніне наразы болды. Мүмкін позицияны дұрыс таңдамаған болармын, бірақ, мен үнемі айып алаңына жүгіріп кіретіндерді, допты тебетін ойыншы мен қақпашыны анық көре алатындай орын таңдауға тырысамын. Ал былай адамдық тұрғысынан "Киз-ДД" алдында ұят, - деді төреші Атай Даудов.

Дағыстанның әуесқой футбол лигасы 2007 жылы құрылған. Оның жүесінде үш лига бар - екінші, бірінші және премьер-лига. Бұл бөлек лига, мұнда командалар шығып қалады немесе маусым аяғында көтеріледі, дегенмен, одан екінші дивизионға өте алмайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети