14 қазан 2015 11:43

Түркиядағы ең беделді спорт басылымы Қазақстан құрамасына алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Еurosport.com.tr © Еurosport.com.tr

Түркияның ең беделді Fanatik спорт басылымы Қазақстан құрамасына Латвияны жеңгені үшін алғыс айты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Түркияның ең беделді Fanatik спорт басылымы Қазақстан құрамасына Латвияны жеңгені үшін алғыс айты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен ойын туралы жаңалық "Рахмет, Қазақстан!" деген атаумен шықты. Автор Юрий Красножан шәкірттерінің жеңісі тек қазақстандықтарды емес, Түркия халқын да түгелдей қуантқанын айтып өткен.

"Қазақстандықтар Ригада өткен ойынның 65-ші минутында есеп ашып, жеңісті сақтап қалды. Осыған байланысты олар бес ұпай иеленіп, кестеде Латвияны артқа тастады. Қазақстан құрамасы Түркияға үлкен сыйлық жасады. Үшінші орын алған үздік командаларды анықтауда УЕФА өз топтарында соңғы болған командалармен ойыннан алған ұпайларын есепке алмайды", - деп жазды басылым.

Еске сала кетейік, Қазақстан-Латвия арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Жалғыз голды Исламбек Қуат соқты. Түркия өз кезегінде Исландия құрамасын жеңді. Осыған байланысты Түркия өз тобында үшінші орын ала отырып, үздік команда атанды. Сонымен қатар, Францияда өтетін Евро-2016 чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети