19 шілде 2017 16:50

Тұрсынбек Қабатов Астанадағы футбол матчында жанкүйерлерді шулатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі әзілкеш және шоумен Тұрсынбек Қабатов Чемпиондар лигасы аясындағы ойын кезінде "Астана" футбол клубының жанкүйерлер секторының дабылшысы әрі қолдаудың бастамашысы болып тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық футбол клубының медиа-офицері Дмитрий Нестеренкоға сілтеме жасап. 

Оның сөзінше, кешегі "Астана" - "Спартак" (Латвия) матчында көзге бірден түскен жанкүйерлердің бірі актер, шоумен және продюсер Тұрсынбек Қабатов болды. Тұрсынбек матчты VIP секторында отырып, тамашалауға келген жоқ. "Астана" жанкүйерлеріне барып, қатарларына алуды сұрады. Осыдан кейін ол "Астана Аренаның" шулы секторындағы белсенділердің бірі болды. 

"Қабатов қолдау білдіруді бастаушылар қатарында болды, дабыл да сол ұрды, жалпы айтқанда жанкүйерлер арасына сіңісіп кетті", - дейді Нестеренко. 

"Астананы" сүйем - Қазақстанның үздік клубы, Еуропада еліміздің спорт беделін маусым сайын арттырып келе жатқан команда. Өзімді осы клубтың жанкүйері деп есептеймін. Кеше жанкүйерлер секторында керек екенімді сездім, сүйікті командама энергетикамды бағыттауым керек болды. Көріп тұрғандарыңыздай - сәтті болды, "Астана" келесі іріктеу кезеңіне өтті", - дейді Тұрсынбек Қабатовтың өзі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети