Бүгін 6 қыркүйекте, футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА-ның жаңа турнирінде - Ұлттар лигасында Грузия командасына қарсы ойнап, жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Астанада өткен ойын 0:2 есебімен грузиялықтардың пайдасына шешілді.

Ұлттар лигасының алғашқы голын грузин футболшысы соқты. Грузия құрамасының әрі бельгиялық "Гента" клубының жартылайқорғаушысы Георги Чакветадзе ойынның 69-шы минутында есеп ашты. Бес минут өткенде Қазақстандық қорғаушы Сергей Малый автогол жіберіп алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстан құрамасы D дивизионына түсті, онда еліміздің ойыншыларына қарсы Грузия, Латвия және Андорра футболшылары өнер көрсетеді. Ұлттар лигасының 6 қыркүйектен 20 қараша аралығында өтеді. Турнир тарихындағы бірінші ойын Астанада өтті.
Еске салайық, Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасын Станимир Стойлов жетелейді. Болгар бапкерімен еліміздің ойыншылары Венгрия құрамасын 3:2 есебімен және Әзірбайжан футболшылар 3:0 есебімен жеңді. Болгария құрамасымен өткен ойында соңғы секундтарда гол жіберіп алған Қазақстан құрамасы тек бір-ақ рет жеңіліс тапты.