06 қыркүйек 2018 18:08

Ұлттар лигасы: Қазақстан - Грузия ойынын қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kff.kz © kff.kz

Бүгін 6 қыркүйекте, футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА-ның жаңа турнирінде - Ұлттар лигасында Грузия командасына қарсы ойнайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бүгін 6 қыркүйекте, футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА-ның жаңа турнирінде - Ұлттар лигасында Грузия командасына қарсы ойнайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасы D дивизионына түсті, онда еліміздің ойыншыларына қарсы Грузия, Латвия және Андорра футболшылары өнер көрсетеді. Ұлттар лигасының 6 қыркүйектен 20 қараша аралығында өтеді. Турнир тарихындағы бірінші ойын Астанада өтеді.

"Астана Аренада" өтетін ойын жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады. Қазақстан - Грузия кездесуін QazSport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. 

Трансляция сілтемесі

Еске салайық, Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасын Станимир Стойлов жетелейді. Болгар бапкерімен еліміздің ойыншылары Венгрия құрамасын 3:2 есебімен және Әзірбайжан футболшылар 3:0 есебімен жеңді. Болгария құрамасымен өткен ойында соңғы секундтарда гол жіберіп алған Қазақстан құрамасы тек бір-ақ рет жеңіліс тапты. 

#АЛҒАҚАЗАҚСТАН. Желіде футболдан Қазақстан құрамасын қолдау флешмобы басталды

УЕФА Ұлттар Лигасы (UEFA Nations League) - УЕФА аясындағы ең жаңа турнир. 2018 жылы қыркүйекте басталады.

Жаңа турнирдің мақсаты - көптеген достастық матчтарды ресми ойындарға ауыстыру арқылы футболдың құрамалар деңгейінде дамуына септігін тигізу. Сонымен қатар, деңгейі тең ұлттық құрамаларға бір-бірімен ойнауға мүмкіндік беру.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети