Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 24-ші айналымында "Ордабасы" мен "Шахтер" ойыншыларының арасында өткен кездесуде Ұлттық гвардия сарбаздары алаңға шығуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 24-ші айналымында "Ордабасы" мен "Шахтер" ойыншыларының арасында өткен кездесуде Ұлттық гвардия сарбаздары алаңға шығуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын 24 тамызда өтті. Кездесудің 96-шы минутында есеп 2:2 болып тұрған уақытта бас төреші оралдық Болат Сариев "Шахтер" қақпасына пенальти белгіледі. Ойыншылар мен бапкерлер төрешіні қоршап алып, мұнымен келіспейтінін айтты. Төрешіні олардың қыспағынан Ұлттық гвардия сарбаздары құтқарды.
"Ордабасы" клубының хавбегі Абдулаи Диакате 100-ші минутта 11 метрлік айып добын орындауға шықты. Нәтижесінде, сенегалец сәтті орындап, өз командасына жеңіс (3:2) алып келді.