14 шілде 2018 15:15

Үш миллион еуро тұратын футболшы "Астанаға" ауысуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Педро Энрике. Сурет ПАОК ресми сайтынан Педро Энрике. Сурет ПАОК ресми сайтынан

Грецияның ПАОК клубында өнер көрсетіп жүрген бразилиялық футболшы Педро Энрике "Астанаға" ауысу үшін Қазақстанға аттанды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Sdna.gr порталына сілтеме жасап. 


Грецияның ПАОК клубында өнер көрсетіп жүрген бразилиялық футболшы Педро Энрике "Астанаға" ауысу үшін Қазақстанға аттанды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Sdna.gr порталына сілтеме жасап. 

Соңғы маусымда Энрике "Карабах" сапында өткізді, онда ол Әзірбайжан чемпионатының 19 ойынына қатысып үш гол салды. Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде төрт ойынға қатысты

"Қарабақ" және ПАОК клубтарына дейін Энрике француздық 1 лигадағы "Ренн" командасы үшін өнер көрсетті. Сондай-ақ ол швейцариялық "Цюрих" және бразилиялық "Кашиас" командаларының намысын қорғады. 

28 жастағы Энрике мен ПАОК командасының арасындағы келісімшарт 2020 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Оның қазақстандық клуб сапында жалға өнер көрсететіні немесе "Астана" ФК бразилиялықты сатып алатыны туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. 2017 жылы ПАОК Энрикені "Ренн" клубынан 1,6 миллион еуроға сатып алған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети