Хорватия құрамасының сұрмергені ауылдастарының барлық несиесін жауып берді

Анте Ребич.© REUTERS/Lucy Nicholson

Футболдан Хорватия ??рамасыны? шабуылшысы Анте Ребич ту?ан ауылыны? т?р?ындарыны? барлы? несиесін жауып тастады. Б?л туралы футболшыны? досы Ловро Шиндик айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Футболдан Хорватия құрамасының шабуылшысы Анте Ребич туған ауылының тұрғындарының барлық несиесін жауып тастады. Бұл туралы футболшының досы Ловро Шиндик айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, Ребич курортты Сплит қаласынан 45 минуттық жердегі қалашықта дүниеге келген.

"Біз бірімізді біріміз көптен бері танимыз. Ол "РБ Лейпциг" клубының сапында өнер көрсетіп жүргенде, біз Берлинде жиі кездесетінбіз. Әлем біріншілігі кезінде біз күн сайын хат алмасып отырдық. Жасөспірім кезінде ол қызу қанды болатын, алайда ол оны түзей білді. Өзінің туған Имотски қалашығында ол бір кездері 500 тұрғынның несиесін жауып берген еді", - деді Шиндик.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 15 шілдеде Хорватия құрамасы футболдан әлем біріншілігінің финалында Франция футболшыларынан 4:2 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Ребич жарыс барысында алты ойынға қатысып бір гол салды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама