09 желтоқсан 2015 09:33

Ыстамбұлда "Астана" клубы "Галатасараймен" тең ойнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы турда "Галатасараймен" тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ыстамбұлдағы "Тюрк Телеком Арена" стадионында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.


"Астана" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы турда "Галатасараймен" тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ыстамбұлдағы "Тюрк Телеком Арена" стадионында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Кездесудің алғашқы таймында есеп ашылған жоқ. Ойынның 14-ші минутында Патрик Твумаси қарсыластарының қақпасына қауіп төндіре білді. Дегенмен доп қақпа бағанына тиді. "Галатасарай" ойыншыларынан Бурак Йылмаз бен Эричте есеп ашатын мүмкіндік болды.

Екінші тайм Снейдердің соққысымен басталды. Дегенмен ол мүлт кетті. Кейін командалар бір-біріне шабуыл жасаумен болды. Ойынның 62-ші минутында Патрик Твумаси көзге түсіп, есеп ашты. Осы кезде "Тюрк Телеком Арена" стадионында тыныштық орнады.

Дегенмен араға екі минут салып түркиялық клуб есепті теңестірді. "Астана" қақпасына голды команда капитаны Сельчук Инан соқты.

"Астана" осыдан кейін қақпасына көп көңіл бөлгенмен, шабуыл да жасай білді. Соңғы минуттарда бірнеше шабуыл болды, дегенмен гол салынбады. "Галатасарай" енді Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Ал "Астанаға" бұл жолдама бұйырмады.


© AFP

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети