13 қаңтар 2018 15:04

"Зенит" және "Штутгарт" клубының экс-ойыншысы "Қайрат" құрамасына келуі мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© GetBg.net © GetBg.net

Мәскеулік "Динамо" шабуылшысы Павел Погребняк алматылық "Қайрат" командасына келуі мүмкін, - деп хабарлайды KazFootball.kz.


Мәскеулік "Динамо" шабуылшысы Павел Погребняк алматылық "Қайрат" командасына келуі мүмкін, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Ресей құрамасының 34 жастағы экс-шабуылшысы Погребняк жақында Алматыға келуі мүмкін. Қазіргі таңда ойыншының мәскеулік "Динамомен" келісімшарты бар, оның уақыты биыл жазда аяқталады. Соңғы кездері ойыншы клубтың құрамында ойнап жүрген жоқ және көптеген БАҚ мәліметтеріне қарағанда, келісімшарт екі жақ тараптың келісімі бойынша өз күшін жою мүмкін.

Погребняк еңбек жолында "Спартак" (Мәскеу), "Балтика", "Химки", "Шинник", "Томь", "Зенит" (Санкт-Петербург), "Штутгарт" (Германия), "Фулхэм" (Англия) және "Рединг" (Англия) командаларында ойнады. 2015 жылдан бері "Динамо" (Мәскеу) командасында.

"Штутгарт" құрамасында ол 68 ойын өткізіп, 15 гол салған. Немістердің клубында оның жалақысы шамамен төрт миллион евро болған.

Vesti.kz порталының хабарлауынша, алматылық клубтың негізгі шабуылшысы Жерар Гоу өткен маусымды аяқтаған соң, клубтан кеткен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети