29 желтоқсан 2014 07:29

Афалинаның қарғуы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Афалина дельфиндерінің есімі - Флинт және Аиша. Олар тоғыз жаста. Бапкердің айтуынша, олармен жұмыс істеу адамдармен жұмыс істеуге қарағанда жеңіл. "Олар опасыздық жасамайды және алдамайды", - дейді Сергей Гринев. Афалина дельфиндерінің есімі - Флинт және Аиша. Олар тоғыз жаста. Бапкердің айтуынша, олармен жұмыс істеу адамдармен жұмыс істеуге қарағанда жеңіл. "Олар опасыздық жасамайды және алдамайды", - дейді Сергей Гринев.

2014 жылдың 27 желтоқсанынан бастап теңіз тұрғындары - афалина дельфині мен белуха киті өз өнерлерін көрсетіп, алматылықтардың көңілін көтеріп келеді. Олардың концертін мыңдаған оқушы тамашалады. Қойылым кезінде дельфин мен кит доптармен ойнап, ән айтып, сурет салады. Сонымен қатар, олар әрі-бері секіріп, көрермендермен волейбол ойнайды. Жылжымалы дельфинарий Алматыда жазға дейін болып, одан кейін Астанаға барады. Жануарларды Түменнен Қазақстанға жүк көлігінің үлкендігіндей ванналарға салып әкелді. Олар 2200 шақырым жол жүрді. Олардың суы жол бойы ауыстырылды. Оларға төтенше жағдай министрлігінің мамандары көмектесті. Жылжымалы дельфинарий көбінесе Ресей қалаларын көп аралайды, бірақ қазақстандық көрермендер алдына бұл "әртістер" бірінші рет шықты.

Жануарларды Түменнен Қазақстанға жүк көлігінің үлкендігіндей ванналарға салып әкелді. Олар 2200 шақырым жол жүрді. Олардың суы жол бойы ауыстырылды. Оларға төтенше жағдай министрлігінің мамандары көмектесті. Жылжымалы дельфинарий көбінесе Ресей қалаларын көп аралайды, бірақ қазақстандық көрермендер алдына бұл "әртістер" бірінші рет шықты.

Белуха китінің есімі - Данди. Ол 11 жаста. Бапкердің айтуынша, оның мінезі өте салмақты. Ол күшті қажет ететін жаттығуларды орындайды, құйрығымен ілулі тұрған допты ұрады, бапкерін арқасына мінгізіп сырғанатады.

Дельфиндер адамдарды да арқасына мінгізіп жүргізе алады. Бірақ екі адамды ғана. Бапкерлер жаңа бағдарлама шығаруды жоспарлап отыр. Сергей Гриневтің айтуынша, Ресейде бапкерлерге арналған жеке мектеп жоқ. Ол өзі бұл істі жануарларды күтуден бастаған.

Дельфиндер мен белуха киті мереке күндері бір күнде үш рет, ал жай күндері бір рет өнер көрсетеді. Мамандардың мәлімдеуінше, цирк дельфиндерінің өмір сүру ұзақтығы қысқармайды. "Еркіндікте оларға антибиотик жоқ, емделмейді. Оларда тамақтанудың да мұндай тәртібі жоқ", - дейді дельфиндердің бапкері.

Бапкерлердің айтуынша, бұрын жануарларды өнер көрсету үшін алу оңай болған. Әдетте үйірінен қалып қалған немесе балықшылардың ауына түсіп қалғандары берілетін. Қазір тек қамауда өсірілгендерін ғана пайдалануға болады.

Бапкерлердің айтуынша, оларға ешқашан мәжбүрлеп тамақ берілмейді. Ол денсаулыққа зиян.

Әртіс дельфиндер табиғи жағдайда өмір сүре алмайды. Олар үйірлеріне де қосыла алмайды. Жануарлар аулау икемін бірден ұмытып қалады.

Дандиге ноталардың төңкеріліп тұрғаны ұнамайды.

Қайырымдылық бағдарламасы аясында концертті алғашқы болып мектеп оқушылары тегін көрді.

Дельфинарий ғимаратын орнатуға 1,5 ай уақыт кетті.

Мамандардың айтуынша, тұрақты дельфинарий тұрғызу үшін оның құрылысына екі жылдан артық уақыт қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети