18 наурыз 2016 16:18

Қытайдың бірінші астанасына саяхат

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Роза Есенқұлова © Роза Есенқұлова

Бұрын Чанъань деп аталған бұл қала - Қытай Халық Республикасының алғашқы астанасы. Қазір оның орнына заманауи әрі тарихи архитектурасы сақталған Сиань қаласы бой көтерген. Жергілікті халық Сианьде болмаған адам Қытайды білмейді деп есептейді. Біз 5 миллион қытай халқы тұратын осы аймаққа келіп, ұлы халықтың мәдениетімен, сонымен қатар жаңа технологиялармен таныстық. Сианьде туристермен қатар қытайлықтардың өзі де келетін күйдірген саздан істелген армия мұражайы бар. Жалпы айтқанда, Қытайда ішкі туризм өте жақсы дамыған. Жергілікті халық өздерінің тарихын білу мақсатында өз елінде саяхат жасайды. Тіпті, жазғы демалыс кезінде қытайлықтар Шанхай, Санья (остров Хайнань), Гуйлинь сияқты қалаларына сапар шегеді. Қытай асханасы алуан түрлі болғандықтан, мұнда тамақтан жалығу қиын. Бір мейрамханаға бір ай бойы барып жүрсең де, күнде әртүрлі тағам жеуге болады. Мұнда сиыр етінен жасалған суп-лапша, көк шөп қосылған нан да табылады. Сиань көшесінде қытайдың классикалық шәйін ішіп, күріштен жасалған десерттен дәм татуға болады. Сиань көшелерінде мопедке, электроскутерге, автобусқа немесе таксиге мінген тиімді. Айтпақшы, егер сіз қытай тілін білмесеңіз, жергілікті халықпен тіл табысу өте қиын. Мұндай жағдайда өзіңмен бірге электронды сөздік алып жүрген немесе ойыңды ишара арқылы білдірген дұрысырақ. Сәуірде Сиань гүлденіп, қалада туристік кезең басталады. Бұл қала әлемге қонақжайлығымен, мол мұрасымен және сауда орындарымен танымал. Алматыдан Сианьге SCAT әуе компаниясының ұшағымен жетіп, ары қарай қытайлық әуе компанияларының рейстерімен саяхатты жалғастыруға болады. Роза Есенқұлованың осы репортажында Қытайдың үш қаласына: Сиань, Гуйлинь және Яншоға саяхат жасаймыз. Бүгінгі Сиань. Қала тарихи және заманауи орталық болып екіге бөлінеді. Жергілікті билік тарихи ғимараттарды бұзып, орнына жаңасын тұрғызуға тыйым салған. © Роза Есенқұлова

Бүгінгі Сиань. Қала тарихи және заманауи орталық болып екіге бөлінеді. Жергілікті билік тарихи ғимараттарды бұзып, орнына жаңасын тұрғызуға тыйым салған. © Роза Есенқұлова

Наурызда мұнда магнолия гүлдейді. Сәуір айының басында қала ақ-қызғылт және жасыл түске оранып, осы айда бұл қалаға көктем келеді. © Роза Есенқұлова

Бұл - қаладағы шығармашылық көшелердің бірі. Мұнда суретшілер мен қолөнершілер жұмыс істейді. Көне қаланың бұл ауданынан өте сирек кездесетін кітаптар мен басқа да заттар сатып алуға болады. © Роза Есенқұлова

Сианьнің көне орталығындағы көңіл-күй сізді сол заманға апарғандай болады. Мұнда уақыт шынымен де тоқтап тұрған іспетті. © Роза Есенқұлова

Суретшілер "Арбатқа" таңның атысымен шығып, жергілікті пейзажды, әдемі қыздардың суретін салады. © Роза Есенқұлова

Бұл көше қаланың жаңа және тарихи орталығын бөліп тұрған Қала қабырғасына апарады. © Роза Есенқұлова

Сианьнің ескі бөлігі. © Роза Есенқұлова

Сианьнің ескі бөлігі. © Роза Есенқұлова

Қытайда жаңа ғимараттардың өзі ғибадатханаға ұқсатып тұрғызылады. Олар қалаға ерекше сән беріп тұр. © Роза Есенқұлова

Кез келген мегаполисте кездесетін қарапайып даңғыл. Автобустарға арналған жолақтар, биік ғимараттар мен жарық шамдары. Бұл ауданда сауда жасауға арналған шопинг-стрит бар. Онда қарапайым заттардан бастап 
Dior, Chanel, Furla өнімдеріне дейін сатып алуға болады. © Роза Есенқұлова

Кез келген мегаполисте кездесетін қарапайып даңғыл. Автобустарға арналған жолақтар, биік ғимараттар мен жарық шамдары. Бұл ауданда сауда жасауға арналған шопинг-стрит бар. Онда қарапайым заттардан бастап Dior, Chanel, Furla өнімдеріне дейін сатып алуға болады. © Роза Есенқұлова

Таңғы Сиань. Салқын жолда серуендеп жүрген мысықтар мен күшіктер. Айтпақшы, Сианьде балаларды кездестіру өте қиын. Себебі мұнда күні кешеге дейін "Бір отбасы - бір бала" саясаты жүргізіліп келген еді. Жақында ғана бұл заң өзгертілді, қытайлықтар енді өмірге екі бала әкеле алатындары үшін өте қуанышты. © Роза Есенқұлова

Мұнда қала тамағын жеу әдетке айналған. Таң атысымен тұрғындар туристерге ірімшік, көк шөптер мен жұмыртқа қосылған нандарын ұсынады. © Роза Есенқұлова

Бұл қаладағы мейрамханалардан көк шөптер қосылған балық, сиыр етінен жасалған сорпа ішуге болады. Мұнда түскі асты шамамен 2000 теңгег тұрады. © Роза Есенқұлова

Сианьге келген адам міндетті түрде күйдірген саздан істелген әскер мұражайына келеді. Мұнда император Цинь Шихуандидің және қытай жауынгерлерінің 8099 мүсінін көруге болады. © Роза Есенқұлова

Мұражайға кіру құны - 150 юань, яғни 7500 теңге. Мүсіндер алғашында түрлі түсті болған. Мұны сол кездері түсірілген суреттерден байқауға болады. Дегенмен кейін оттегімен тотығысудан кейін ол сұр түске айналған. © Роза Есенқұлова

Түпнұсқа мүсіндерді зерделеп қарасаңыз, саз балшықтан жасалған бұрымды көруге болады. © Роза Есенқұлова

Түнгі Сиань. Бұл қалада түнде ғана келуге болатын түрлі орындар бар. © Роза Есенқұлова

Түнгі уақытта бұл жерде 8 биік бағана түрлі түске боялады. Сонымен қатар, Тяньаньмэнь деп аталатын әлемдегі ең үлкен алаң да осы қалада орналасқан. Оның ауданы 440 мың шаршы метр, яғни онда 60 футбол алаңы сыйып кетеді. Бұл алаңға бір уақытта жарты миллион адам келе алады. © Роза Есенқұлова

Мейрамханалардың түнгі уақытта жарқырап тұратыны соншалық, оған кірмей кету мүмкін емес. © Роза Есенқұлова

Сианьдегі Лотос саябағы. Қытайдың Жаңа жылы қарсаңында қала жарық оттармен безендірілген. © Роза Есенқұлова

Бұл Сианьге келген адам бас сұқпай кетуге болмайтын тағы бір орын. Махаббат ескерткіші немесе Оңтүстік көл деп аталатын бұл жер қала орталығынан 10 минуттық жерде орналасқан. Аңыз бойынша, әйел адам өзінің күйеуін көп жылдр бойы күткен, соңында ол генерал болып оралған. Бұл орын әйелдердің адалдығына арналады.  © Роза Есенқұлова

Қытайда транспорт инфрақұрылымы жақсы дамыған. Мұнда электрокар, электроскутер немесе осындай кішкентай автоларды жиі кездестіруге болады. Оларды айдау үшін арнайы куәліктің қажеті жоқ, дегенмен шектеу бар - транспорттың бұл түрін қаладағы егде адамдар ғана пайдалана алады. © Роза Есенқұлова

Қытайдың Жаңа жылына арналған инсталляция. © Роза Есенқұлова

Үш аяқты мұндай мотоциклмен қала ішінде 10 юаньге серуендеуге болады. © Роза Есенқұлова

Қытайдың дәстүрлі киімі. Сиань көшелеріндекиім ауыстырып, суретке түсуге арналған фотодүңгіршектер бар. © Роза Есенқұлова

Қытайда туристерді жиі кездестіруге болады. Мұнда тек француздар мен америкалықтарды сирек көресің. © Роза Есенқұлова

Си Цзиньпиннің Nazarbayev University-ге келген кездегі суреті Қытайдың жібек фабрикасында ілініп тұр. © Роза Есенқұлова

Қытайда жібек шаруашылығы жақсы дамыған. Таң әулеті кезінде Ұлы Жібек жолы арқылы басқа елдерге жібек тасымалданған. Қазір бұл қалада жібектен түрлі бұйымдар дайындайтын заманауи фабрикалар бар. © Роза Есенқұлова

Жабайы қаз ғибадатханасы - қаладағы ерекше орындардың бірі. Аңыз бойынша, ғибадатхана үш жыл бойы Қытайдан Үндістанға саяхаттап, қазіргі Қазақстан аумағында адасып кеткен монахқа арнап салынған. Оған жол табуға жабайы қаздар мен жергілікті халық көмектеседі. Қазіргі кезде бұл жер туристер ең көп жиналатын орын. © Роза Есенқұлова

Жабайы қази ғибадатханасындағы кәрі ағаш. Қытайда ағаштарды кесіп, орнына ғимарат тұрғызуға тыйым салатын заң бар. Сондықтан да жергілікті билік басқа амал ойлап тапқан. Егер сол орында құрылыс жүретін болса, ағаш тамырына дейін алынып, басқа жерге отырғызылады. © Роза Есенқұлова

Жабайы қазы ғибадатханасында. © Роза Есенқұлова

Саяхатымызды әдемі қала Гуйлиньде жалғастырамыз. Сианьнен кез келген қалаға ұшып баруға болады. Дегенмен біз әлемдегі ең үлкен жасанды сарқырама орналасқан осы қаланы таңдадық. © Роза Есенқұлова

Гуйлиньде жасанды үңгір де бар. Ол топырақ жамылғысынан пайда болған. Үңгірдің үлкендігі соншалық, оны айналып шығуға 40 минут уақыт кетеді. Оның әр бөлігі түрлі етіп жарықтандырылған. © Роза Есенқұлова

Гуйлинь Қытайдың оңтүстігінде орналасқан. Сианьде ауа құрғақ болса, бұл жерде керісінше, ылғалдау. Қала ертегі іспетті таулардың қоршауында жатыр. © Роза Есенқұлова

Қаланың орталығынан 5 минуттық жерде пандалар өмір сүретін саябақ бар. Мұнда бар-жоғы екі панда болса да, сирек кездесетін жануарды өз көзіңмен көру үлкен рахатқа бөлейді. © Роза Есенқұлова

Пандалар бамбукпен қоректенеді. Әрбір ересек панда күніне 30 келі бамбук жейді екен. © Роза Есенқұлова

Мұнда қызыл пандаларды да көруге болады. © Роза Есенқұлова

Жүргіншілер көшесі Гуйлиньде де бар. Көшенің қақ ортасында бағытты көрсететін кішкентай шіркеу орналасқан. Мұнда да сауда жасап, дәмді әрі арзан тамақ ішуге болады. © Роза Есенқұлова

Қалада сарымсақ соусы қосылған қуырылған устрицалар, буға пісірілген шаяндар, үй пиццасы мен димсам және басқа да тағамдар сатылады. © Роза Есенқұлова

Айтпақшы, Қытайда скутер жүргізушілеріне арнап қызықты әрі пайдалы аксессуарлар сатылады. Оларды салқын, жаңбыр жауып тұрған кездерде пайдалануға болады. Сонымен қатар, көше қиылыстарында бағдаршамның жасыл түсі жанғанын күтуге арналған шатырлар бар. Шатырлар жаңбыр кезінде пайдасын тигізеді. © Роза Есенқұлова

Тау бөктеріндегі Гуйлинь қаласы. © Роза Есенқұлова

Қаланың барлық тұрғыны бірдей бұлай жарқын киіне бермейді. Негізінен олар қарапайым киіммен жүреді. © Роза Есенқұлова

Гуйлиньде әдемі орындар өте көп. Мынау солардың бірі. © Роза Есенқұлова

Гуйлиньдегі Ли өзені. © Роза Есенқұлова

Гуйлиньдегі Ли өзені. © Роза Есенқұлова

© Роза Есенқұлова

© Роза Есенқұлова

Паромдарға отырып көрші Яншо ауылына жетіп алуға болады. © Роза Есенқұлова

4 сағатқа созылатын жолда өте көркем пейзаждары тамашалайсың. Олардың бірі 20 юань банкнотында бейнеленген көрініс. © Роза Есенқұлова

Паромдағы туристер. © Роза Есенқұлова

Паромдағы туристер. © Роза Есенқұлова

Яншо да өте жарық қала. Мұнда туристер көшедегі билерге қызығады. © Роза Есенқұлова

Қытайда орыс тілді туристер үшін таныс емес брендтер мен дүкендерді кезіктіруге болады. Мысалы, мұнда Eblan аяқ киімі, Eblin іш киімі, Erke киімдері бар. © Роза Есенқұлова

Яншодағы жүргіншілер көшесі. © Роза Есенқұлова

Шырын сатушылар. © Роза Есенқұлова

Шырын сатушылар. © Роза Есенқұлова

Яншода көліктер көп емес, сондықтан да мұнда скутер немесе велосипедті жалға алып, саяхат жасауға болады. © Роза Есенқұлова

Яншода көліктер көп емес, сондықтан да мұнда скутер немесе велосипедті жалға алып, саяхат жасауға болады. © Роза Есенқұлова

© Роза Есенқұлова

© Роза Есенқұлова

Көпірге тұрып, бамбуктен жасалған салдармен жүзіп жүрген балықшылардың әрекетін тамашалауға болады. © Роза Есенқұлова

Мына бір ерекше көпірге шығып, екі тау арасындағы таза ауа мен желді сезінуге де болады. © Роза Есенқұлова

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети