31 шілде 2017 13:23

Акушердің бір күні

ПОДЕЛИТЬСЯ


Сәбиін босану кезінде көмектескен адамның атын бірден есіне түсіре алатын әйелдер көп пе? Жоқ, туу туралы келіскен дәрігер емес. Сәбиін қолынан алған жан - акушердің атын. Бүгінде аналар бала босану қарсаңында дәрігерді іздестіретіні жасырын емес. Іс жүзінде аналардың өз күшімен босанып алу жағдайының пайызы медициналық көмекке жүгінуден әлдеқайда көбірек. Сандай сәттерде перзентханадағы жүкті әйелдерге дәл осы акушерлер көмектеседі. Сонымен, бүгінгі фоторепортажымызда сондай өз ісінің мамандарының бірі, облыстық №4 перинаталдың орталықтың акушері туралы айтпақпыз. 
Таныс болыңыздар - Ақтолқын Әмірова. Жалпы еңбек өтілі - 25 жылдан астам. Нұрсәттегі облыстық №4 перинаталдық орталықта бесінші жыл еңбек етіп келеді. 
"Өмірімнің қай кезінде акушер болуды таңдағанымды анық білмеймін. Бала кезімде дәрігер болуды армандағаным есімде, - дейді кейіпкеріміз. - Кейінірек, ана мен баланың денсаулығы жайлы көбірек біле бастаған кезімде түсінгенім - сәбилерге жарық дүние есігін ашуға көмектескім келетінін ұқтым. Содан акушер-гинеколог мамандығын оқып шықтым. Өзінің айтуынша, қанша ананы босандырып алғанынан жаңылып қалған. Дегенмен, мұқият оқырман мұны өзі де санап ала алады".
Әр бригадада 7 адамнан - 3 акушер, 2 санитар және 2 дәрігер.
Таңғы сағат 8. Ақтолқын Әмірова жұмыс ауысымын қабылдап алды. Арнайы қағазда бөлімшеге түскен әйелдер туралы ақпарат жазылған.
Күндізгі ауысым таңғы сағат 8-де басталып, күндізгі 17:00-ге дейін созылады. Жұмыс күні қаншалықты тыныш болатынын ешкім болжай алмайды. Міне, қазір де бөлімшеге жүкті әйел жеткізілді. Қасындағы адамдармен бірге №9 палатаға жатқызды. 
"Біздің жұмысымызда әдеттегіден тыс жағдай жиі болады. Әрине, оның барлығы туралы айта бермейміз. Ең жиі кездесетіні - жүкті келіншек босанған сәтте қасында боламыз деп келген жандардың естен талып қалуы", - дейді Ақтолқын Әмірова. Ал кейде мұндай жандар босану процесінен қорқып қалатыны соншалықты, палатаға кіруден бас тартып жатады.
Сәбидің қалай туылатыны акушерге ғана қатысты емес.
Жүкті әйелдердің бала туу сәтіне психологиялық дайындықпен келгені. "Мұндай сәттерде барлығы жүкті әйел бақылауда болған амбулатория немесе емхана мамандарының қалай жұмыс істегеніне байланысты" деп жалғайды сөзін кейіпкеріміз.Перинаталдық орталыққа келген тағы бір азаматша - Бәйдібек ауданының тұрғыны сәбиін жақсы босанып алды. 
Міне, Ақтолқын қолына шарананы ұстап тұр. Дүниеге қыз бала келді!
Енді босанған әйел өзіне-өзі келіп, аяқ-қолын бауырына алғанша сәби ана құрсағына барынша жақын температурада ұсталады. 
Содан кейін кіндігі кесіледі.
Жаңа ғана дүние есігін ашқан нәрестенің салмағы - 3 келі 890 грамм.
Баланың өміріндегі ең алғашқы екпесі салынады. 
Бұдан кейін нәрестені киіндіріп, анасының қолына табыстайды.

Яғни, перзенті ананың төсіне жатқызылады. Мамандардың айтуынша, осы сәттен бастап нәресте анасының микробтарына үйрене бастайды. Себебі, сәби дүниеге тап-таза болып келеді, туыла салысымен оның денесіне жан-жақтан микробтар шабуылдай бастайды. Сондай сәтте ең бастысы - анасының микробтары. Сәби барлығынан бұрын анасымен бірге болатындықтан, соған үйренісуі тиіс. 
Міне, естелікке алғашқы фото. Бұл ананың жолы болды деуге болады - кәсіпқой фотограф палатаға күн сайын жіберіле бермейді.
Әрине, сәбиді қолына алған жан - акушермен бірге фотосурет. 
Ал әзірге ана мен бала бір-бірімен табысып жатқанда әйелдің перзентхана маңында жүрген жақындары қалған туыстарына хабарласып жатыр:"Сүйінші! Дүниеге қыз келді! Өзі сондай сұлу". 
Ал мынау - нәрестенің ең алғашқы "құжаты" - ана мен баланың қолына бектілетін "биркасы".
Перзентхана қызметкерлері ана мен сәбидің жағдай жақсы екеніне әбден көз жеткізген соң екеуін кәдімгі палатаға шығарады.

Естелікке тағы бір сурет.
Сонымен, ана босанды, дегенмен, жұмыс аяқталған жоқ. Акушер жаңа босанған әр анаға арнап 5-4 журнал толтыруы тиіс. Күн тыныш болса жақсы, ал егер бірнеше әйел қатарынан босанса ше? Мына журналдарға толық ақпарат түсіріледі, тіпті, бала туу кезінде қанша шприц қолданылғанына дейін жазылады. Ақтолқын Әмірова мұндай жазу көп уақыт алатынын айтады. Ал мұндай жұмыста әр секунд аса маңызды.
Ақтолқын Әмірованың журналдарды толтырып болғаны сол екен, санитарлар келесі жүкті келіншекке жаңа палатаны дайындауға кірісті. 
Бүгін қарбаласқа толы күн болды. Сондықтан бригада ауысымы аяқталар тұста, сағат 16:00-де ғана түскі асқа отырды. - Бізде басқа мекемелер секілді нақты белгіленген түскі үзіліс уақыты жоқ. Мен бала туып жатқан әйелге "Қоя тұр, мен түстеніп алайын" деп айта алмаймын ғой", - деп жымияды Ақтолқын Әмірова. 
Облыстық №4 перинаталдық орталықта тәулігіне 25-28 сәби дүниеге келеді. Ал Шымкентте кейде басқа перзентханалар жөндеуге жабылған сәттерде мұнда тәулігіне 40 және одан көп сәби туылып жатады.
"Біздің облыста мұндай перинаталдық орталықтар саны көп болуы керек. Себебі, бізге әдетте жағдайы нашарлап кеткен жүкті аналар жеткізіледі. Ал аудандардағы жүкті азаматшалардың әрқайсысының дерлік денсаулығынан кінәрат табылып жатады. Қалаға жақын жерде тұратындар бізге келед. Ал қалғандары қайтпек?", - дейді Ақтолқын Әмірова.

Шымкент бүгін-ертең Қазақстанның үшінші мегаполисі атанғалы отыр. Дегенмен, бұл атаудың өзгеруінен көп нәрсе шешіле қалмайды, дейді Ақтолқын Әмірова:"Біз әрқайсысымыз жақсы жаққа өзгеруіміз керек. Мәдени тұрғыдан дамып, әйелдер өздерін сүйе білуі тиіс. Өз денсаулығымызды тұрмысқа шықпай тұрып күтінгеніміз дұрыс. Қараңызшы, бұрын жоғары қан қысымы негізінен қария кісілерге тән болса, қазір бұл дерт 17-18 жасар қыздарда да кездеседі. Ал ер-азаматтар қыз-келіншектерді қолдауы тиіс. Себебі, бүгінгі бойжеткен - ертеңгі ана. Болашақ балаларыңыздың анасы!".
Біраз уақыттан бері облыстық №4 перинаталдық орталықта 22 апталық мерзімде, нәбері 500 грамм болып туылған сәбилердің денсаулығы күтіледі.
Арнайы қауашақта мұндай шала сәбилер үшін ананың құрсағына барынша ұқсас жағдай жасалған. 
Анасы мұнда келіп, сәбиін көріп тұра алады. Бесік жырын айтып, перзентімен сөйлесе алады. Ал нәресте қалыпты салмағына жеткен соң анасы екеуін үйіне шығарып салады.
Облыстық №4 перинаталдық орталықта жұмыс жасауға да, сәби босануға да бар жағдай жасалған деп санайды Ақтолқын Әмірова. Акушердің ауыл-аймақтағы амбулаториялар мен емханаларда жұмыс істейтін әріптестеріне бір ғана өтініші бар: "Әйелдерді сәби босануға дайындаңыздар. Бізге жүкті келіншектердің 100 пайыз дайындықпен келгені жақсы. Сонда ғана ана сәтті босана алады деп үміттенеміз".
Біздің ең басты мақсатымыз - дені сау ана мен бала!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети