14 қыркүйек 2017 13:47

Big Drama Show немесе Лас-Вегас Головкин-Альварес жекпе-жегіне қалай дайындалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ


АҚШ-тың Лас-Вегас қаласы осы жылдың ең басты бокс кешіне дайындалып жатыр. Ойын-сауық қаласында бокстан бөлек қызыққа толы. Дженнифер Лопес немесе Леди Гаганың концерттерінің постерлерін бүкіл қалада екі боксшының суреті басып тұр. Олар осы аптада орта салмақтағы ең үздік боксшыны анықтайды. Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің суреттері Лас-Вегастың жарнама тақталарында үздіксіз көрсетіліп жатыр. 

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында 16 қыркүйекте өтетін жекпе-жекке екі спорттық кешен дайындалып жатыр. Жекпе-жек T-Mobile аренасында өтеді. Қалған шаралар: салмақ өлшеу рәсімі, көз арбасу, баспасөз конференциясы MGM Grand қонақүйінде өтеді. 

Бастапқыда жекпе-жек осы MGM Grand қонаүйінде өтеді деген ойға келесің. Оның жарнамалары көрші ғимараттан әлдеқайда басып озған. 

Лас-Вегастағы бұл кешенде казино және қонақүй бар. Мұнда көптеген бокс әлемінің жұлдыздарын көруге болады. 

T-Mobile аренасында жекпе-жектің алдында соңғы дайындықтар жүргізіліп жатыр. Спорттық кешеннің алдын тазалағыш құралдармен жуып жатыр. 

Аренаның ішінде дайындық аяқталған.

T-Mobile аренасының алдында кассалар мүлдем жоқ. Бәлкім бұл билеттердің екі апта ішінде сатылып кетуіне байланысты болуы мүмкін. 

Боксты тамашалуға мейрамханалар мен қонақүйлер де шақырып жатыр. 

Головкина мен "Канелоның" жанкүйерлері салмақ өлшеу рәсімінде көп болуы мүмкін. Алайда қазірден бастап мексикалықты қолдаушылар саны біршама көп екенін аңғаруға болады. 

Мына кәсіпкер Головкин мен Альварестің суреті бар жейдені 10 долларға сатып тұр. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйекте (Астана уақыты бойынша 17 қыркүйекте таңғы уақытта) Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

Подробнее: https://vesti.kz/profi/240758/
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz


© Тұрар Қазанғапов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети