1. Басты
  2. Қара

"Ауруханада жүргендейсің". Бейжің Олимпиадасы қалай өтіп жатыр?

Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов қазір Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында жүр. Ол Жапонияда өткен жазғы Олимпиада ойындарына да барған.

Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов қазір Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында жүр. Ол Жапонияда өткен жазғы Олимпиада ойындарына да барған. Токио мен Бейжіңдегі шектеулер бір-бірінен ерекшеленеді. Тұрар Қазанғапов пандемия кезінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарын көрсетті.

Қытайдағы спорт жаңалықтарын vesti.kz сайтынан оқи аласыздар. 

Бейжіңге келгеннен кейін-ақ, мұнда бәрі қатаң болатынын түсіндім. Ұшаққа қарай медициналық қорғаныш киімін киген адам келе жатты.

Әуежай қызметкерлері арақашықтықты сақтауды талап етеді. Ауруханада жүргендейсің.

Бәрі бірден ПТР тапсыруға жіберілді. 

Аппақ киінген адамдар бізді ертіп жүрді.

Олар автобустарда да жүр.

Қонақүйде де.

Тіпті таңғы ас кезінде де бірге жүреді.

ПТР-сынамасын алу, қатаң сақталады. Тест таяқшалар миыңа дейін жеткендей сезім болады.

Пандемия бір жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқанына қарамастан, бұл жерде әлі де ыңғайсыз сезім болады. Өйткені үнемі COVID-ке қарсы шараларды сақтау керек.

Бір кездері тіпті бетперде тақпай қалғаныма қатты уайымдап, оны іздей бастағанымда, бөлмеде жалғыз екенімді түсінгенім болды.

Үш күн өткен соң мен тапсырған тест оң нәтиже шығарды және мені карантинге арналған бөлмеге апарды. Таңғы асқа, түскі асқа және кешкі асқа шығу мүмкін емес, бірақ тамақты бөлмеге алуға тапсырыс беруге болады, ол үшін мәзір әкелеі.

Таңғы ас тегін болуы керек еді, бірақ оны әкелгенде қатты таңғалдым. Мәзір қарапайым: ыстық ештеңе жоқ, тек сникерс, нан, екі мандарин, сүтті сусын және шұжық (мен шұжық жеген жоқпын).

Түскі және кешкі асты ақылы алдырту қонақтың қалауы бойынша.

Бірақ үш күннен кейін ПТР тесті теріс нәтиже көрсетті, кейін мені шығарды.

Пекиннен екі сағаттық жерде, Чжанцзякоу провинциясы маңында шаңғы базасындамыз. Мұнда бәрі қоршалған, полицейлер жолдарды жауып, көліктердің, жаяу жүргіншілердің өтуіне тыйым салынған.

Масканы шешуге болмайды.

Сурет: Тұрар Қазанғапов/olympic.kz