1. Басты
  2. Қара

Бұл мүлдем басқа өмір. Жерден 1,5 шақырым тереңдікте не болып жатыр?

Бұл жерге тап болғанда, сенің қай елде жүргенің, ұлтың мен өмірлік ұстанымың қандай екені маңызды болмай қалады. Жер астында саясат туралы айтудың мәні де жоқ екенін түсінесің. Дәл осындай сезім 1500 метр тереңдікке түскенде пайда болады. Украинаның бірнеше қаласында болған Tengrinews.kz тілшілері мүлде өзге елді, өмірді көріп қайтты.

Бұл Украинадағы Кривой Рог қаласының бейнесі. Бір қарағанда пейзаж ештеңемен ерекшеленбейді. Кейбіреулер Қазақстанда да, посткеңестік кеңістікте да осындай өнеркәсіптік қалалар көп деп айтады.

Тағдыр бір адаммен кезіктірмесе, біз де солай ойлаушы ма едік?

"Доцент", -деп таныстырды өзін Кривой Рог қаласының тұрғыны. Оның түр-әлпеті танымал украиналық балалар дәрігері Комаровскийге келеді екен.

Оның үстіне Комаровскиймен оның мұрты мен ерекше сөйлеу мәнері ғана емес, сонымен қатар өзінің сүйікті ісі туралы әңгімелейтін әуестігі де ұқсайды. Бұл адамның аты Владимир Казаков, ол жергілікті педагогикалық университеттің география және туризм кафедрасын басқарады. Сондай-ақ, қала тұрғыны Кривой Рогтың табиғи ерекшелігі, тау жыныстары мен әрине, шахталары туралы шексіз әңгімелей алады.

Оның үстіне, бұл адам Кривой Рог туралы айтып жатқанда қала емес бөлек бір әлемді баяндап отырған сияқты. Себебі қаланың тарихы кез келген адамды бей-жай қалдырмайды. Ол үшін криворожск кәсіпорындары - қандай да бір өнеркәсіп объектілері емес, өнер туындысы сияқты. Мәселен, шахталардың бірін Эйфель мұнарасы, ал екіншісін - егіз мұнара деп атайды.

Қаланың өзі оның түсінігінде үлкен бір жұмбақ. "Ешкім Кривой Рогтың ұзындығы қанша екенін білмейді", - дейді географ.

"Кривой Рогта барлығы ерекше. Себебі, еш жерде қайталанбайтын шахталар, ландшафт, жасанды каньон, қызыл жолдар мен ең бастысы - сөйлескен әрдайым қызықты адамдар бар", - деді ол сұрақтарымызға жауап ретінде.

Дәл осы адам криворожск шахтасындағы (бұрынғы В. И. Ленин атындағы шахта) жолсеріктеріміздің бірі болады. Мұнда жер астына түсу - туризмнің ерекше түрі екен. 

Біз шахтаға әлі түспедік, бірақ оған жақындағанда бір затқа көзіміз түсті.

Кәсіпорын кіре берісінде кішкентай шіркеу бар. Мұндай нысанның болуы кенші мамандығының қауіпті сипатын көрсететіндей.

Медициналық тексеру мен нұсқамадан өткеннен кейін, арнайы киім киіп, жеке құтқару құралдарын және аккумуляторы бар шам берілетін жерге бардық.

Шахтаға түсетін топ құрамында қазақстандықтардан басқа Грузия, Польша, Беларусь және Украина елдерінің өкілдері де бар.

Көтермеге (шахтадан шығарылатын кенді жоғары көтеретін жабдық) кіргенге дейін өнеркәсіптік туристердің көңіл күйі жақсы болды. Әрине, бұл позитив бір жағынан толқумен байланысты, өйткені олар күн сайын мұндай тереңдікке түспейді.

Ұзын дәліз бойымен ер адамның артынан еріп жүрміз.

Көтермеге кірдік.

Төмен түсіп барамыз. Қысым түсіп кетті. "Құлақтарың бітеліп қалса - сілекей жұтыңыз. Қағида ұшақтағындай", - дейді бізге жолсерік.

"Ал сілекей жұтқаннан кейін құлақ бітелуі кетпесе - ағзада қабыну бар екендігінің алғашқы белгісі", - дейді кенші.

Көтерме бірнеше минутта төмен түседі, бірақ тереңдеген сайын әр секундты сезе бастайсың.

е

Үрейді кішкене болсын сейілту үшін, туристер кеншілерден шахтада болған қызықты оқиғаларды сұрады. "Шахтада қара шахтер бар, - дейді кеншілердің бірі, кейін сөзін жалғастырды. - Қазір көтерме тоқтайды, жарық өшеді, кейін өздеріңіз көресіздер". Барлығы күлді. Әзіл болды.

"Көтермеде түсіп бара жатқандағы ең көп қойылатын сұрақ: айтыңызшы, көтерме үзіліп кеткен жағдайлар болды ма? Жоқ, - деп жауап береді жұмысшылардың бірі. - Көтерме ешқашан үзілмейді, бірақ кереге опырылуы мүмкін", - дейді таныс доцент. Оның да әзілі жарасты. "Бұл жақтың тұрғындарының әзілі ерекше", - дейді географ.

Көтерме 1,5 шақырым тереңдікке жеткенша бірнеше рет тоқтады. Уақыт өте ол ауада қалқып, серпіліп тұрған сияқты. Сонда ішіңде бір нәрсе жүгіріп жүргендей, қытықтай бастайды. Сезімді айтып жеткізу мүмкін емес.

Әйтеуір дегенде көтермеден шықтық.

Төбедегі сымдарды байқаймыз, сонда айтылған нұсқама еске түседі: қандай жағдай болмасын қолды жоғары көтермеңіз, ол жерден электр тогы өтеді. Кернеу жоғары.

Үстімізде - электрсымдар, астымызда - шахтадан шыққан су.

"Шахтада батыл және адал адамдар жұмыс істейді, мұнда сатқындар жоқ. Барлығы өзара көмектің арқасында жасалады", - дейді жолсеріктер.

"Міне бізден қызықты оқиға сұрап едіңдер ғой. Негізінде шахтада оқиға жоқ, мұнда тек еңбек пен кен бар. Ал қызықты әңгіменің барлығы үстіде", - дейді жұмысшылар.

Үңгіртаумен жүріп, төмен түсіп барамыз.

Әрбір 15 жыл сайын бұл шахта 150 метрге тереңдей береді. Келесі жылы ондағы барлық жұмысты төменгі көкжиекке ауыстыру жоспарланып отыр.

Шахтада шойбалғамен ұрғандағы шу шығады. Кей жерде жұмысшылардың қарқынды бұрғылап жатқандары соншалық, ештеңе естімейді.

Тереңдік - 1425 метр.

Тағы 50 метрге төмен түстік.

Мұнда жерді айтарлықтай су басқан екен. Енді ғана бізге не үшін етік бергендері түсінікті.

Бір уақытта үңгіртау аяқталды, алдымызда үңгушіні кезіктірдік.

Бұл шахтадағы үңгуші айына 33 мың гривен төңірегінде (шамамен 440 мың теңге, бір гривен 13,35 теңге болса) табады. "Бұл сомадан тағы 20 пайыз алынады, сөйтіп барлығы 26 мың гривен (347 мың теңге) шығады. Міне, үңгушілер айына осылай табады. Бірақ, кейде 40 мың гривенге дейін алады", - деді шахтаның өндіріс жөніндегі директорының орынбасары Игорь Вялько.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мұнда бәсекелестік аса жоқ. "Ешкімнің жұмыс істегісі келмейді, қиын дейді. Мұндай ақшаны Еуропада қиналмай-ақ тапса болады. Көбі қорыққанынан да келмейді", - деп мойындады ол.

 1500 метр тереңдіктеміз.

Тағы төмен түсіп барамыз.

1522 метр.

"Бұл ең терең жер ме?", - деп қызыға сұрадық өндіріс жөніндегі директорының орынбасарынан.

 

"Жоқ, бұл 1522 метр. Мен бонус ретінде сіздерді Еуропадағы ең терең жерге апарамын", - деп жымиды ол. Біз шынында да тағы төмен түсіп барамыз.

Тереңдің - 1556 метр.

Фотодағы шахта жұмысшысы емес, турист.

Шын мәнінде шахтада негізінен ерлер жұмыс істейді. Әйелдер де бар, бірақ олар сигналшы болып еңбек етеді, көтерменің жүруін қадағалап отырады.

Сигнал беріп отыратын әйел.

Жер қойнауындағы осындай саяхаттан кейін қайта жоғары шықтық. Бұл сезімді ештеңемен салыстыра алмайсың. Мұнда күн сайын, сағаттап жұмыс істейтін адамдарды елестету қиын. Кеншілер бұл жағдайға үйренген, десе де, тіпті тәжірибелі қызметкер жер астынан көтерілгенде көзі жанып, жүзіне күлкі оралады. Олар әр түсіп шыққанда бірінші рет жерге оралғандай қуанатын секілді. Ал туристер ше? Әрине, олар балаша қуанды.

Бірақ шын өмірге оралудың алдында тағы бір рәсімді жасау керек.

Шахтадан шыққаннан кейін заттарды тапсырып, жуынып алу керек.

Міне, Украинадағы ерекше туризм осындай.

Дайындаған: Ринат Ташқынбаев
Сурет: Тұрар Қазанғапов