29 желтоқсан 2015 16:27

2015 жылдың ең ерекше құрылғылары

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Hitech.vesti.ru © Hitech.vesti.ru

Электронды құрылғы шығарушылар таңғалдыруын тоқтатар емес. "Вести.Hi-tech" порталы 2015 жылы шығарылған ерекше гаджеттерге шолу жасады.


Электронды құрылғы шығарушылар таңғалдыруын тоқтатар емес. "Вести.Hi-tech" порталы 2015 жылы шығарылған ерекше гаджеттерге шолу жасады.

Ағаштан жасалған дөңгелек пішінді Runcible смартфоны

Runcible - дизайны ерекше смартфон. Ағаштан жасалған дөңгелек пішінді смартфон Firefox OS-та жұмыс істейді. Runcible смартфонын Monohm стартапы шығарады. Құрастырушылар құрылғыны қалта сағатының аналогы деп қабылдауды ұсынды. Оны алқаға да тағуға болады. 

PWR Case қуаттайтын тыс

Бұл құрылғы дизайнымен ғана емес, функционалдылығымен де ерекшеленеді. Идеясы өте қарапайым - тыстың сыртқы бөлігінде қуаттайтын сым жалғайтын екі ұя бар. Оны розеткаға тікелей жалғауға болады. Бұл қуаттайтын құрылғыны іздеу мәселесін жеңілдетеді.

Equil Smartmarker цифрлық маркері

Equil Smartmarker маркері арқылы жазылған барлық мәлімет құрылғыда сақталып қалады. Гаджет мәліметті смартфонға немесе компьютерге тікелей жібере алады. Маркерге арнайы тақта мен сүрткіш қосыла беріледі.

"Назад в будущее" фильміндегі бауы өздігінен байланатын аяқ киім

2015 жыджың 21 қазанында Nike бауы өздігінен байланатын жаңа аяқ киімді таныстырды. Компания аяқ киімді 2016 жылы өндіріске шығаруды жоспарлап отыр.

Майысатын экраны бар ShiftWear аяқ киімі

ShiftWear де болашақтың аяқ киімі саналады. Онда майысатын экран орнатылған. Экрандағы суреттер жүрген сайын өзгеріп отырады. Аяқ киім иесі ұялы телефонға арналған қосымша арқылы дизайнын өзгертіп отыра алады.

Sponge Suite экобикиниі

3D-принтер арқылы басып шығарылған шомылу киімі иесі теңізде жүзіп жүрген кезде кір заттарды сорып алады. Ол арнайы кеуекті материалдан жасалған. Бұл материал суды тұщыландыру, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды сүзгіден өткізу қызметтерін атқарады.

Dfree "ақылды" іш киімі

Ер адамдарға арналған тағы бір заманауи іш киім шықты. Жапон ғалымдары иесіне әжетханаға баруды ескертетін киім ойлап тапты. Ондағы элемент адамның ағзасын бақылап отырады. Мамандар бұл киімнің қарт адамдар үшін пайдалы екенін айтып отыр.

Jupiter смартфон-темекісі

Vaporcade электронды темекісін шығарушылар арнайы смартфон жасап шығарды. Онда электронды темекі орнатылған. Компания гаджеттің 4G желісі арқылы Интернетке шығуға мүмкіндік беретінін хабарлады. Құрылғының құны - 499 доллар.

Иіс шығаратын SensorWake оятқышы

Иесін иіспен оятатын сағат 2016 жылы шығарыла бастайды. Құрылғы шабдалы, шоколад, кофе, шөп, сонымен қатар ыстық круассан мен доллардың иісін шығара алады. Ұйқыға кетер алдында адам оянатын уақыты мен өзі ұнатқан иісті таңдаса болды. Бір картридждің өзі 60 рет оятуға жетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети