Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Apple 2017 жылы iPhone смартфонының сыртқы түрін түбегейлі өзгертеді - БАҚ

28 Наурыз 2016, 09:47
0
© vladtime.ru
© vladtime.ru

Apple 2017 жылы iPhone смартфонының сыртқы түрін түбегейлі өзгертеді, - деп хабарлайды VladTime.ru

Болжам бойынша, жаңа үлгілердің корпусы әйнектен жасалады. Сонымен қатар қуаттау құрылғысының сымсыз болатыны айтылады. Apple компаниясы әйнек корпустарды iPhone 4 смартфонында тұңғыш рет қолдана бастағаны да хабарланып отыр.  

Басылымның мәліметінше, жаңа iPhone SE смартфонының шығатыны жайлы бірінші болып айтып берген танымал сарапшы Минг-Чи Куоның жаңа құрылғы дисплейінің 5,8 дюйм болатынын және AMOLED форматында болатынын хабарлаған. Девайстың дизайны да өзгеріске түседі екен. 

Еске салайық, Apple компаниясы 22 наурызда 4 дюймді жаңа iPhone SE смартфонын таныстырған еді. Гаджеттің сырты iPhone 5s смартфонына ұқсайды, бірақ процессоры 6s гаджетіндегідей А9 да, қосымша процессоры М9. Жаңа гаджетке 12 мегапикселі бар камера орнатылған, ол 6s-тің барлық функциясын орындайды, оның ішінде Live Photos та бар. Негізгі камерасы 4K видеолар түсіре алады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай