04 қазан 2015 11:35

Apple "ақылды" сақинаны патенттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© report.az © report.az

Apple компаниясы экраны бар және өзге электронды құрылғылармен байланысқа түсуге мүмкіндік беретін сенсор панелі орнатылған "ақылды" сақинаны патенттеді, - деп хабарлайды The Verge америкалық патент ведомствосының сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, АҚШ-тың патент бюросы компанияның Apple ring концепциясын патенттеу туралы өтінішін қанағаттандырды. Сонымен қатар, "ақылды" сақинаның смартфоннан мәлімет ала алатыны және оны экранға шығара алатыны, телефон функцияларын сенсор панелі арқылы басқаруға мүмкіндік беретіні айтылады. 

Мұнымен қатар, оған микрофон, гаджет иесіне хабар жеткізу функциясы және қолданушының қолмен жазған мәтінін оқи алатын құрылғы орнату жоспарланып отыр екен. Apple патенттеу туралы өтінішінде "заманауи девайсты қолданудың кейбір жағдайларда ыңғайсыз әрі тиімсіз болуы мүмкін" екендігін жазған.

Алайда патенттеудің өнімнің шығарыла бастағанын білдірмейтіні хабарланып отыр. Оның үстіне, Apple компаниясының "ақылды" сақина шығаратыны туралы мәлімет таралған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети