25 қыркүйек 2018 09:18

Apple басшысы жаңа iPhone смартфондарының неліктен қымбат екенін түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© CNBC.com © CNBC.com

Apple компаниясының бас директоры Тим Кук iPhone смартфондарының жаңа модельдері неліктен қымбат екенін түсіндіріп берді. Оның айтуынша, жаңадан шығарылған модельдер осыған дейінгілерге қарағанда жетілдірілген және басқа гаджеттерді алмастыра алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tjournal басылымына сілтеме жасап.

"Смартфонды сіз сандық камераның орнына қолданасыз, видеокамера, музыкалық плеердің орнына да қолданасыз. Жаңа модельдер осыған дейінгі гаджеттерді алмастырды", - деп келтіреді CNBC телеарнасы Apple басшысының сөзін.

Apple басшысы Тим Кук. © Wall Street Journal

Еске сала кетейік, 12 қыркүйекте Аpple жаңа iPhone смартфондарын таныстырған болатын. Ол кезде 5,8-дюймді дисплейі бар iPhone XS ("тэн эс") пен 6,5 дюймді дисплейі бар iPhone XS Max көрсетілген еді.

Жаңа модельдер алтын, күміс және сұр түстерде шығарылған. Компаниядағылардың айтуынша, жаңа смартфондар осыған дейінгілерге қарағанда 50 пайызға жылдамырақ (секундына 5 триллион операция жүргізіледі) жұмыс істейді.

iPhone XS пен XS Max смартфондары үш нұсқада болады: сыйымдылығы - 64, 256 және 512 гигабайт. Apple өкілдерінің айтуынша, жаңа смартфондар Қазақстанда 28 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети