10 қараша 2018 09:47

Apple iPhone X және MacBook Prо 13 өнімдерінен ақау табылғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Apple компаниясы iPhone X смартфондары мен MacBook Prо 13 ноутбуктарынан бірқатар ақаудың табылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Apple компаниясы iPhone X смартфондары мен MacBook Prо 13 ноутбуктарынан бірқатар ақаудың табылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Компания сайтында жарияланған мәлімдемеге сәйкес, кейбір iPhone X сматрфондарында сенсор экранмен проблема болуы мүмкін, ол диплей компонентінің істен шығуымен байланысты. Өндірушінің мәлімдеуінше, смартфондарға жанасу әсер етпеуі мүмкін, керісінше, саусақ тимеген кезде әрекеттер етуі мүмкін. Компанияның мәлімдемесі бойынша, мұндай проблемаға тап болған iPhone X иелері дисплейді тегін ауыстыра алады.

Сонымен қатар, Apple кейбір MacBook Pro 13 ноутбуктарында мәліметтер жоғалып, қатты диск жұмысының істен шығуы мүмкін екенін мәлімдеді, олар 2017 жылдың шілдесі мен 2018 жылдың маусымы аралығында сатылған. Компания бұл ақауларды жою үшін тезірек Apple қызмет көрсету орталықтарына баруға кеңес берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети