30 маусым 2016 09:56

Apple компаниясы қолданушыларына концерттерді iPhone-мен түсіруге рұқсат етпейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 9to5mac.com © 9to5mac.com

Apple компаниясы iPhone-ның концерт уақыттарында сурет пен видеоны құлыпқа түсіретін технологияға берілетін патентке ие болды, - деп хабарлайды 9to5mac порталы.


Apple компаниясы iPhone-ның концерт уақыттарында сурет пен видеоны құлыпқа түсіретін технологияға берілетін патентке ие болды, - деп хабарлайды 9to5mac порталы.

Осы технологияның арқасында телефон инфрақызыл сәулелерді ондағы шифрланған ақпаратпен бірге қабылдай алады. Ал керек болған жағдайда телефондағы сурет пен видеоны құлыпқа түсіре алады. Басылымның мәліметінше, енді кез келген концертке келушілер сахнаның алдын жауып тастайтындықтан, олар гаджеттің суретке және видеоға түсіру қызметін пайдалана алмайды.

 

Сонымен қатар, Apple компаниясының жаңа технологиясын музейлерде қолдануға болады екен, яғни суретке түсіріп жатқан экспонат туралы кез келген ақпарат автоматты түрде экран бетінде көрсетіледі. Мұның бәрі инфрақызыл сәуле таратқыштар арқылы түрленеді. Енді барлық гаджет кодтарды жылдам есептеп, қолданушыға экрандағы сурет жайлы ақпаратты көрсетеді.

 

Айта кетейік, бұл технология iBeacon қызмет көрсету жүйесіне ұқсас екен. iBeacon Bluetooth технологиясының жаңарған және заманауи түрімен жұмыс істейді. Алайда, сарапшылардың айтуынша, осы ғылыми жаңалық кеңінен таралуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети