27 сәуір 2017 13:56

Apple мобиль құрылғыларға жаңа жалғауыш шығаруы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple компаниясы мобиль құрылғылар үшін жаңа жалғауыш пайдалануды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды РatentlyАpple.com.


Apple компаниясы мобиль құрылғылар үшін жаңа жалғауыш пайдалануды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды РatentlyАpple.com.

2016 жылдың жазында мамандар iPhone 7 Plus құрылғысына сыртқы пернетақталарды жалғауға арналған жаңа Smart Connector атты коннектор түрін ұсынған. Сол кезде Желіде осындай коннектор сипатталған Apple патенті орналастырылды. Мамандардың пікірінше, компания шын мәнінде де фирмалық Lightning жалғауыштарынан бас тартпақ. 

Жарияланған патентте жалғауыштардың жаңа түрі тек смартфондарда емес, смарт-сағат сияқты өзге құрылғыларда да қолданылатын болады. Бұл iPad Pro құрылғысындағы коннектормен бір екені айтылған. Сипаттама бойынша, жалғауыш арнайы өз қалпына қайта келетін материалдан болуы керек. Смартфонға жалғану кезінде оған коннектор кіреді. Кабель ажыратылған кезде материал өз қалпына келіп, телефон корпусында ешқандай тесік қалмайды. Смарт-сағаттарда да осындай әдіс қолданылатын болады. 

Apple компаниясының тағы бір патентінде iPhone телефондарына ұқсас керамикалық корпусты құрылғы сипатталған. Керамикалық қаптамаға электр белсенділігі бар қосымшалар орнатылады. Бұл корпус әрбір жанасуға әсер ету үшін жасалған болуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети