22 желтоқсан 2014 15:39

Apple Ресейде iPhone бағасын тағы көтерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото mashable.com сайтынан алынды Фото mashable.com сайтынан алынды

Apple корпорациясы iPhone соңғы моделінің Ресейдегі бағасын тағы көтерді. Компания Ресейде жаңа онлайн-дүкен ашты, бірақ бұл жолғы баға басқа. iPhone-ның соңғы модельдегі смартфондарының бағасы 35 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Apple корпорациясы iPhone соңғы моделінің Ресейдегі бағасын тағы көтерді. Компания Ресейде жаңа онлайн-дүкен ашты, бірақ бұл жолғы баға басқа. iPhone-ның соңғы модельдегі смартфондарының бағасы 35 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жаңадан ашылған дүкенде Apple-дің барлық тауарының бағасы қымбат. Мысалы iPhone 6 39,9 мың рубльден 53,9 мың рубльге, ал iPhone 6 Plus 61,9 мың рубльге дейін қымбаттаған.

Mobile Research Group сарапшысы Эльдар Мұртазиннің айтуынша, Ресейде бөлшектеп сатудың бағасы тұрақтанады. Сонымен қатар Apple-дің онлайн-дүкені өткен аптада жабылып қалғаны анықталып отыр. Америкалық компания өкілінің айтуынша, рубль бағамының тұрақсыздығына байланысты онлайн-дүкендегі бағаларды жаңарту үшін оны жабуға тура келген.

Еске сала кетейік, Apple Ресейдегі өнімдерінің бағасын 26 қарашада қымбаттатқан болатын. Ол кезде баға орта есеппен 15-20 пайызға артты. Сонымен қатар Оңтүстік кореяның Samsung корпорациясы 16 желтоқсаннан бастап Ресейдегі Galaxy мобильдік құрылғыларының бірқатарының бағасын көтерді. Еске сала кетейік, рубльдің долларға шаққандағы бағамының төмендеуі Ресейден iPhone 6 сатып алушылар үшін аса тиімді болғаны хабарланған еді, сол үшін ТМД елдері iPhone сатып алу үшін Еуропаға емес Ресейге баратын болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети