Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Apple сарапшысы 2017 жылғы iPhone смартфонының дизайны жайлы айтты

18 Сәуір 2016, 18:20
0
© investigator.org.ua
© investigator.org.ua

Apple сарапшысы Мин-Чи Куо 2017 жылғы iPhone смартфонының дизайны жайлы айтты, - деп хабарлайды Газета.ru

Куоның мәліметінше, Apple 2017 жылғы iPhone смартфонын жасауда металлдан бас тартады әрі IPS-дисплейдің орнына AMOLED технологиясы қойылады екен. Сарапшы гаджеттің корпусын толықтай шыныдан жасау жайлы мәселені айтудан бас тартты. Алайда компания iPhone (мысалы iPhone 4 және 4s) жасауда шыныны қолданып көрген. 

Сарапшының айтуынша, iPhone 7 осыған дейінгі құрылғыларға ұқсас болады, бірақ одан кейінгі девайстарын түбегейлі өзгерістер күтіп тұр. Бірақ Мин-Чи Куо бұл өзгерістердің неліктен болатынын айтпады. Айта кетейік, 2017 жылы Apple компаниясының смартфондары мерейтойлық болады. 

Осыған дейін БАҚ-тарда iPhone смартфонының 2017 жылы түбегейлі өзгеріске түсетіні жазылған еді. Сонымен қатар, корпусының толықтай шыныдан жасалатыны әрі сымсыз қуаттағышы пайда болатыны айтылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай