Boston Dynamics компаниясы секіретін екі метр роботты таныстырды

28 Ақпан 2017, 09:56
0
Boston Dynamics компаниясы секіретін екі метр роботты таныстырды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Boston Dynamics компаниясы жаңа Handle роботын таныстырды. Робот түсірілген видео компанияның YouTube желісіндегі каналында жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Екіметрлі Handle роботының жүру жылдамдығы сағатына 14 шақырымды құрайды және ол бір метрге дейін секіре алады. Ол бір рет қуатталып 25 шақырым жерді бағындыра алады. Видеода роботтың әр түрлі жағдайдағы тест сынақтары түсірілген. 

2016 жылы жазда Boston Dynamics компаниясы итке ұқсас Spot роботының кішірейтілген нұсқасын шығарған. Электрлі SpotMini айналып жүре алады, адамға сусын бере алады, ыдыс жуу машинасына шыны ыдыстарды өздігінен сала алады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай