Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Google Glass көзілдірігінің сатылымы тоқтады

16 Қаңтар 2015, 15:08
0
©REUTERS
©REUTERS

Google өзінің Google Glass "ақылды көзілдіріктерінің" сатылымын тоқтатты, себебі компания оның болашақта шығатын нұсқаларына ден қоймақ, - деп хабарлайды BBC News. Гаджеттер құрастырушыларға 2013 жылдан бастап данасы 1500 доллардан сатылды. Кейін Google Glass көзілдірігінің коммерциялық нұсқасы шығады деп күтілді.

Бірақ компания келесі аптадан бастап бұл өнімге тапсырыс қабылдауды тоқтатады. Бірақ құрастырушыларды қолдау жалғаса береді. Компания өкілдері бұл жобаның клиенттер мен бизнестің көзқарасын зерттеуге мүмкіндік бергенін және алынған білім болашақта шығатын өнімдерді жасауға пайдаланылатынын атап өтті. Жаңа нұсқаларының шығатыны туралы нақты мәлімет тараған жоқ. 

Google Glass гаджеті Сан-Францискодағы конференцияда таныстырылған еді. Ұшақтан секірген скайдайверлер конференция өтіп жатқан залға осы құрылғы арқылы видео таратты. Өнімге деген қызығушылық артты. Кейбір қолданушылар тіпті өмірін Google Glass өнімінен бөлек қарай алмайтынын да айтты. Бірақ көзілдіріктер жеке өмірге қол сұғушылық бойынша да наразылық туғызды. Өнім видео түсіре алатын болғандықтан, кейбір мекемелерде оған тыйым салынды. Мұнымен қатар, қолданушылар өнімнің дамуы жоқтығына да сын айтты. Көзілдіріктің түр-түсі де көпшілікке ұнамады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай