Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Nintendo балалық шағы 90-жылдарда өткендерге арнап Dendy шығарады

30 Қыркүйек 2016, 14:23
0
Nintendo
Nintendo

Nintendo компаниясы Жапонияда қараша айында Dendy ойын құрылғысының жаңарған нұсқасын шығарады, - деп хабарлайды BBC. Ол "мини-famicom" атауымен шығады ("отбасыға арналған компьютер" деген мағына).

Ойын құрылғысына екі мини-контроллер орнатылған, ол жаңартуларды тек түпнұсқа бағдарламасы арқылы орнатуға мүмкіндік береді. Ойын құрылғысына 30 ойын орнатылған. 

Жаңа ойын аппаратының 10 қарашада сатылымға шығатыны және құны 5 980 жапон иені (60 доллар) болатыны хабарланып отыр. Өзге елдердің геймерлері оны жапон дүкендерінен тапсырыспен алдыра алады. 

Dendy - жапонның Nintendo компаниясының белгілі ойын құрылғыларының бірі. Ол 1992 жылдан бастап шыққан еді, ТМД елдерінде өте танымал, әсіресе Ресей, Украина және Қазақстанда балалар жаппай ойнаған. Ал Dendy атауы Nintendo Entertainment System және Famicom деген атаулардың синонимі іспеттес болған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай