Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Tengrinews.kz қазақстандық Salem "құпия" мессенджерін тесттен өткізді

08 Шілде 2015, 14:50
0

Tengrinews.kz ақпараттық порталы 2015 жылдың көктемінде таныстырылған қазақстандық Salem мессенджерін тесттен өткізді. Қосымша Android және iOS операциялық жүйелеріндегі құрылғыларда жұмыс істейді.

Salem-нің функциясының WhatsApp пен қазақстандық  iTys қосымшасынан қатты айырмашылығы жоқ. Ең бір ерекшелігі - чатты пайдалану үшін құпия сөзді үнемі енгізіп отыру керек. Қосымшаның интерфейсі түсінікті әрі ыңғайлы. Дизайн күрделі болмаса да, қосымша ұлттық нақышта көркемделген.

Қосымшаны телефон номеріне қосу керек. Тіркелу қарапайым сатыда жүреді. Номерді көрсеткеннен кейін оған растау туралы хабарлама келеді. Кейін қолданушы атын жазып, сурет жүктейді.

Осыдан кейін Salem қосымшасының стандартты экраны ашылады. Онда 3 таңдау тұрады - "қарапайым чат", "құпия чат" және "контакт". Контакт батырмасын басу арқылы Salem қосымшасын пайдаланатын достарыңды көруге болады немесе басқаларға шақырту жіберуге болады. Қарапайым және құпия чаттарды пайдалану бір-бірінен ерекшеленеді. Құпия чат арқылы сөйлесу үшін 1 мен 10 минут аралығында құпия сөзді енгізіп отыру керек. 

Хат алмасу стандартты жүреді. Хат жазысып отырған адамға "смайлдар", файлдар мен видео, аудио жазбалар жіберуге болады. Басқа мессенджерлердегі сияқты дауыс хабарламасы арқылы сөйлесуге болады. Қосымшада қоңырау шалу мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, өзіңнің тұрған жеріңді көруге де болады. Мессенджер стандартты картадан операциялық жүйе арқылы қолданушының тұрған жерін анықтап береді.

Қосымшаның баптауларын өзгертуге болады. "Тілді баптау" мен "Волонтер болу" функциялары әзірше қосылған жоқ. Қалған баптаулардың барлығы стандартты.

Salem мессенджерін қолдану ыңғайлы. Хабарламаны жіберу тез. Қолдану кезінде қосымшада қателіктер болған жоқ. Дегенмен, қосымшаның құпия чатын қолдану кезінде құпия сөзді периодты түрде сұрау, сонымен қатар баптаулардағы іске қосылмаған мүмкіндіктер де бар.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай