11 сәуір 2016 12:25

Tengrinews.kz сайтының iOS-қа арналған қосымшасы жетілдірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстандық Tengrinews.kz ақпарат порталының iOS базасындағы құрылғыларға арналған қосымшасы жетілдірді.


Қазақстандық Tengrinews.kz ақпарат порталының iOS базасындағы құрылғыларға арналған қосымшасы жетілдірді.

Қосымша толығымен қайта жасалды, енді ол жылдам жұмыс істейді әрі заманауи етіп өзгертілді. Қосымшада алдыңғы нұсқаның ең пайдалы функциялары сақталып, оған жаңалары қосылды. Жаңартылған басты меню мен жаңа интерфейс қолданушы үшін ыңғайлы бола түсті. Енді жаңа қосымша арқылы айдарларды қосып, алып, баптапуларға кіріп, пікір қалдыруға болады. Айта кетейік, сайттың қазақ тіліндегі нұсқасын төменде көрсетілген жолмен таңдай аласыз.

"Таңдаулы" айдарында қолданушылардың "жұлдызшамен" белгілеген жаңалықтары жинақталады. Бұл айдар қолданушының өзіне ұнаған жаңалықтарды белгілеп, кейін қайта кіріп оқуы үшін арналған.

Сонымен қатар, жаңа қосымшада редакцияға ақпарат жолдауға арналған WhatsApp қосымшасына (+7 771 507 29 89) сілтеме жасалды. Қосымшаның жаңа нұсқасында онлайн-трансляция көруге арналған Tengrinews TV айдары мен Tengri FM радиостанциясын тыңдау мүмкіндігі ашылды. Ұлттық банктің мәліметтерінен алынған валюта бағамын қарауға да болады.

Қосымша баптаулары трафик үнемдеу режимін қосуға мүмкіндік береді. Оны Интернет жылдамдығы төмен кезде пайдалануға болады. Сонымен қатар, қосымша ең маңызды ақпараттар туралы хабарлама жібере алады (опция қосымшаның баптауында өшіріліп тұруы мүмкін).

"Алдағы уақытта біз қосымшаны үнемі жаңартып отырамыз. Қосымшаның сапасын жақсарту мақсатында түрлі айдар мен функциялар қосылып отырады. Сонымен қатар, біз қосымшаның Android базасындағы құрылғыларға арналған нұсқасын жаңартуды жоспарлап отырмыз", - деді Виктор Мосалев.

Tengrinews.kz сайтының iOS базасындағы құрылғыға арналған қосымшасын сілтемеге өту арқылы жүктеуге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети