25 наурыз 2014 14:24

iPhone 6 жаздың соңына қарай шығарылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple компаниясы биыл жаздың соңына қарай немесе күзге салым iPhone смартфонының алтыншы нұсқасын ұсынуы мүмкін деп хабарлайды MarketWatch. Сарапшылар мұндай болжамды компанияның жеткізушілерінен алынған мәліметтердің негізінде жасады. Pacific Crest талдаушысы Энди Харгривстің айтуынша, смартфонның құрамдас бөліктеріне тапсырыс беру маусымда басталады, бұл жаңа құрылғы қыркүйектің соңында немесе қазан айында қалың көпшілікке қолжетімді болады деген сөз. Өз кезегінде UBS компаниясының өкілі Стив Милунович жеткізушілердің мәліметтерін негізге ала отырып, iPhone 6-ның маусым мен тамыз аралығында-ақ, яғни қыркүйек айынан бұрын шығарыла бастайтынын айтады. RBC Capital аналитигі Даг Фридман болса, "Apple жартылай өткізгіштерін өндірушілер өнімінің саудасы жаңа смартфонның нарыққа жаздың соңында немесе күздің басында шығатынын аңғартады" деген пікірде. Айта кетейік, өткен екі жыл ішінде Apple-дің өз жаңа смартфондарын қыркүйек айының басында жарыққа шығарғаны белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети