Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

iPhone 6S телефонының өзіндік құны 234 долларға дейін өсті

14 Қыркүйек 2015, 12:13
0
iPhone 6S. © REUTERS
iPhone 6S. © REUTERS

Өткен аптада ғана сатылымға шығарылған iPhone 6S телефонының өзіндік құны 12 долларға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider басылымына сілтеме жасап.

Енді Apple корпорациясы әр телефон үшін 234 долларға шығындалады. Bank of America сарапшысы Мерил Линчтің мәліметінше, базалық жады 64 гигабайт iPhone 6S-тің микросызбасының бағасы 127 долларға дейін өскен. Оның 20 доллары жад модуліне кетсе, 22 доллары саусақ ізін танитын құрылғыға, сонымен қатар сенсор жинағына жұмсалады. Apple A9 процессоры 25 доллар тұрады, ал ұялы желі модулінің құны - 236 доллар.


© uk.businessinsider.com

Мәліметтер бойынша, экран, камера және аккумулятор бағасы 74 долларға дейін өскен. Айта кету керек, АКБ сыйымдылығы iPhone 6 гаджетіне қарағанда төмен. Сонымен қатар, телефонның ең қымбат құрылғысы экраны болды. Оның құны шамамен - 750 доллар.

Еске салайық, Apple АҚШ-та iPhone 6S және iPhone 6S Plus, IPad Pro және дауыспен басқаруға болатын Apple TV-ны таныстырды. Смартфондар 12 елде 25 қыркүйектен бастап сатылады, ал жыл соңына дейін iPhone 6S 130 елде сатылады. Ал жаңа iOS 9 операциялық жүйесі 16 қыркүйекте іске қосылады. IPad Pro планшеті сатылымға қараша айында шығады, оның бағасы - 799 доллар. Ал стилустың бағасы - 99 доллар, пернетақтаның бағасы 169 долларға тең.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай