iPhone 7 смартфонының құлаққап қосатын әдеттегі жалғағышы болмайды

30 Қараша 2015, 15:48
0
© hitech.vesti.ru
© hitech.vesti.ru
© citilink.ru
© citilink.ru

iPhone 7 смартфонының құлаққап қосатын әдеттегі жалғағышы болмайды, - деп хабарлайды Vesti.ru

Таралып жатқан қауесеттерге сенетін болсақ, Apple компаниясының жаңа өнімінің 3,5 миллиметр болатын құлаққап жалғағышы болмайды екен. Осылайша осыған дейін шыққан құрылғылардың құлаққаптары жаңа гаджетке жарамсыз болып қалатын көрінеді. 

Болжам бойынша, оның орнына Apple Lightning деп аталатын жалғағышты пайдаланбақшы. Қазіргі уақытта құлаққаптардың осындай қызметті ұсынуға мүмкіндік беретін Philips Fidelio M2L секілді модельдері бар. Бірақ олардың қымбат екені айтылады. 

Apple компаниясының iPhone 7 смартфонын қалыпты коннектордан бас тартатыны жайлы жапонның Mac Otakara деген блогы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады. Бұл арқылы жаңа смартфон 1 миллиметрге дейін жұқа болады екен, сонымен қатар, корпусының ішіндегі кеңістік босайды.

Еске салайық, осыған дейін 2016 жылы шығатын iPhone 7 Apple компаниясының 6 миллиметрлік ең жұқа смартфоны болатыны хабарланған еді. 


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай