iPhone 7s смартфонының басты кемшілігі аталды

16 Тамыз 2017, 11:19
0
© giga.de
© giga.de

iPhone 7s iPhone 7 смартфонына қарағанда жуан әрі жалпағырақ болады. Осыған байланысты жаңа смартфонға былтырғы смартфондардың аксессуарлары сәйкес келмеуі мүмкін, - деп жазады Lenta.ru. БАҚ өкілдерінің айтуынша, жаңа Apple смартфонының кемшілігі осында.

Giga Apple басылымы өзінің жасырын дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, iPhone 7s өлшемінің 138,44 х 67,27 х 7,21 миллиметрге тең болатынын айтады.. Ол осыған дейінгі модельден орта есеппен алғанда 0,1 миллиметрге кішірек. Бірақ бұл айырмашылықтың мүлде байқалмай қалатыны айтылады. Дегенмен де iPhone 7 смарфтондарының чехолы iPhone 7s смартфонына келмейді екен.

Сондай-ақ, мұндай өзгерістерге жаңа смартфонның корпусының алюминий емес, шыныдан болатыны себеп болғаны айтылады. Дереккөздерге сүйенсек, жаңа iPhone сымсыз қуатталады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай