iPhone 8 қашан шығатыны белгілі болды

10 Сәуір 2017, 09:51
0
© TechnoBuffalo
© TechnoBuffalo

iPhone 8 cмартфоны биыл қыркүйек айында таныстырылады, алайда сарапшы Брайан Уайт оның сатылымға кейін шығатынын айтады, - деп хабарлайды "Вести Hi-Tech" MacRumors басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жаңа смартфондардың сатылымға кейінірек шығуына қолданушылардың бет келпетін тани алатын 3D-камера технологиясының кейбір қиындықтары себеп болып тұр. Сарапшының айтуынша, 5,8 дюйм iPhone cмартфондарына, сондай-ақ, 4,7 және 5,5 дюйм iPhone модельдеріне алдын ала тапсырысты қыркүйек айынан бастап беруге болады. 

Осылайша, жаңа Apple смартфондары қыркүйек-қазан айларында шығады деп күтіледі. Айта кетейік, жаңа iPhone OLED-экранмен, шыныдан жасалған корпусымен, сымсыз тоқ көзімен және қолданушының бет келбетін тани алатын 3D-камерамен ерекшеленеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Apple өкілдерінің осыдан он жыл бұрын шыққан смартфонның ең бірінші моделінің дизайнын қайтармақшы екені айтылған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай