03 шілде 2017 17:53

iPhone 8 смартфонының жаңа суреттері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vedomosti.ru © vedomosti.ru

Apple компаниясы iPhone смартфонының түбегейлі жаңа дизайнын ойлап тапты. iPhone 8 үлкен экранды, сымсыз қуат көзімен және қос камерасымен ерекшеленетін болады. YouTube хостингіндегі EverythingApplePro арнасы мен Nodus чехолдарын өндіретін компания өкілдері жаңа смартфон жайлы толығырақ айтып берді, - деп жазады "Ведомости" басылымы.

Nodus компаниясының негізін қалаушылардың бірі Джек Спенсер iPhone 8 смартфонының техникалық параметрлерімен жұмыс істеп жатқанын айтқан болатын. Компания өкілдерінің айтуынша, олар iPhone 8 смартфонына арнайы жаңа чехолдарды шығарып жатыр.

YouTube хостингіндегі EverythingApplePro арнасының мәліметінше, жаңа iPhone 8 смартфонының дисплейі - 5,8 дюйм болады және онда "Home" батырмасы болмайды, тек touch ID функциясы жұмыс істейді.

Осыған дейін Apple компаниясының инженерлері келесі жылы Apple-де "Home" батырмасы болмайтынын айтқан еді. Айта кетейік, ол батырма 2007 жылдан бері барлық iPhone смартфондарында болған еді.

Сондай-ақ, iPhone 8 смартфоны iPhone 6s пен iPhone 7 смартфондарынан өзгеше болатыны айтылған еді. Осылайша инженерлер алдағы смартфонның дисплейін ешбір жақтаусыз шығармақ. Мамандардың айтуынша, iPhone 8 камерасының сапасы жақсаратыны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети