28 наурыз 2018 09:33

Жылдың басты жаңалығы болудан үмітті. Huawei жаңа P20 смартфонын таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Huawei компаниясы жаңа флагманын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Париждегі Grand Palais сарайынан, мұнда жаңа смартфонның таныстырылымы өтті. P20 жаңа моделі үш нұсқада шықты: P20 lite, P20 және P20 Pro. Үшеуінің визуалдық жағынан ғана емес, технологиялық құрылымынан да ерекшелігі бар.


Huawei компаниясы жаңа флагманын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Париждегі Grand Palais сарайынан, мұнда жаңа смартфонның таныстырылымы өтті. P20 жаңа моделі үш нұсқада шықты: P20 lite, P20 және P20 Pro. Үшеуінің визуалдық жағынан ғана емес, технологиялық құрылымынан да ерекшелігі бар.

Қытайдың мобильді технология нарығындағы алыбы шығарып отырған флагманның басты ерекшелігі фототехника өндірумен 150 жылдан аса уақыт бойы айналысып келе жатқан немістің Leica корпорациясымен ұзақ әрі жемісті әріптестігінде.

P20 Pro смартфонының енді үш камерасы бар: 40 мегапиксельге дейін ұлғайған негізгісімен және оған көмекші ретінде орналасып, суретті анық әрі талдап көрсететін 20 мегапиксельді моно-сенсормен қатар, қосымша үш есе жақындататын зум-объектив қосылып отыр. Сонымен қатар, негізгі сенсор жарық өте аз түсетін жерде түсіруге мүмкіндік береді. P20 Pro гаджетінде 102400 максималды жарық сезімталдығы бар матрица орналасқан, бұл жартылай кәсіби Canon EOS5DMarkIV толықкадрлы айналы камераның деңгейіне сәйкес келеді. 

Ричард Юдің жаңа моделінде жасанды интеллектке назар аударылған. Фототүсірілім режимінің өзінде түсіріліп отырған орынның 500-ден аса нұсқасын анықтау мүмкіндігі бар және сурет барынша сапалы болып шығу үшін баптауларды қолданушының назарын аудармай-ақ теңшеу жүйесі енгізілген.

P20 моделінің 5,8 дюйм RGBW экраны бар, Huawei өкілдерінің тұжырымынша, онда экран жарығы iPhone X смартфонына қарағанда 23 пайызға көп түседі. P20 Pro дисплейі 6,1 дюймге жетеді және OLED технологиясы бойынша жұмыс істейді. Экранның жоғарғы бөлігінде iPhone X секілді ойығы бар, тек сәл кіші келеді, осы өлшемі арқылы дисплейде интерфейс хабарламамалары үшін бос орын үнемдейді. Бұл ойықтың өзінде смартфонды 0,6 секунд ішінде бұғаттан шығаруға мүмкіндік беретін FaceUnlock жүйесінің сенсоры орналасқан - бұл iPhone X және Samsung Galaxy S9+ смартфондарына қарағанда жылдамырақ екен.

Аға буын моделінде болса 4000 мАс сыйымдылығы бар батарейі орналасқан, осының өзінде смартфон корпусы ультражұқа - 7,8 миллиметр.  

"Қазақстанда P20 смартфондарының үш моделі таныстырылады" , - дейді Джоуяндан Huawei компаниясының Қазақстандағы тұтынушыларымен жұмыс тобының маркетинг және сатылым жөніндегі қызмет бөлімінің жетекшісі. - P20 lite нарыққа сәуірдің басында түседі, P20 - ай соңына қарай, ал P20 Pro моделін мамырда күту керек. Сатып алушыларымыз ерекше қолданушы тәжірибесін алып, өздерін кәсіби фотограф сезіне алады деп үміттенеміз".

P20 смартфондарының көк және қара түсті нұсқалары болады, сондай-ақ, күлгіннен көкке қарауытқан әрімен өтетін жаңа әрі ерекше Twilight түсімен шығады. Tengrinews.kz алдағы күндері осы смартфонға шолу жасап, биылғы ең басты смартфон деп болжанған гаджетке өз көзқарасын білдіреді.

Huawei
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети